Атырау, 26 сәуір 16:00
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Қаланың қазіргі халі нешік? Суға батып, жүзіп жүрміз...

3 809 просмотра


Бір апта бұрын қалалық ТКШ, жолаушылар тасымалы және көлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары Эдуард ОСПАНОВ қай көшені қардан тазарту керектігі және қай жерде еріген қар сулары бар екені туралы тұрғындардан хабарлама қабылдау үшін диспетчерлік WhatsApp қосымшасының іске қосылғанын хабарлаған еді. Әлеуметтік желілердің бірінде қолданушылардан қала көшелерінің қазіргі ахуалы туралы өз байқағандарын бөлісуді сұрағанбыз.

«ХАБАРЛАМА ҮШІН АЛҒЫС БІЛДІРДІ»

Бірер сағат ішінде жиырмадан астам қолданушы үн қатты. Олардың бірнешеуін назарларыңызға ұсынамын.

Дарья: Жер-жерде шалшық су. Кейбір жерде жолдан өте алмайсың.

Жандос: Самал ықшамауданында суға батып, жүзіп жүрміз…

Марал: Авангард, 4 ы/а, №18 үйге кіретін жерді су басқан. Қасымызда жаяу жүргіншілер өткелі бар, айнала су мен балшық, жолдан өту мүмкін емес.

Настя: Ескі базар маңы, Молдағұлова көшесінің бойымен Атырау ы/а-на қарай бәрін су басқан, жаяу жүргіншілер жолымен жүру мүмкін емес. Аялдамаға қарай өте алмайсың.

Диляра: Мен кеше Темірханов көшесіндегі Қазком банк алдындағы шалшыққа қарай құладым. Аяғым тайып кетіп, шалшыққа отырып қалдым. Сәл отырдым да, әрі қарай кеттім. Аяқ-қолым аман қалғанына шүкір.

Азиза: Жұмыскер мен Жилгородок жақта жүретін жер жоқ.

Ольга: Молдағұлова көшесі суға толы. Худин көшесі де солай. Балаларға су басқан жолдармен мектепке барып келуге тура келеді.

Руслан: Мен ватсап арқылы көрсетілген диспетчерлік нөмірге Шәріпов көшесі өте тайғақ екендігі туралы хабарлама жіберген едім. Көліктер сырғанап, түйісіп жатыр.

Хабарлама үшін алғыс білдірді, бірақ ештеңе өзгермеді.

Айнұр: Жұмыскер жақтан Сарықамыс ықшамауданына бұрылыста еңіс жер бар, ол маңға үнемі көп шалшық су жиналып қалады. Өте де алмайсың, жүре де алмайсың.

«КӨПШІЛІГІ ӘСІРЕЛЕЙДІ»

5 ақпанда біз қаланы аралап шықтық (суреттерді қараңыз). Содан соң Э.Оспановпен хабарласуға тырыстық. Ол орнында болмай шықты, ал ТКШ бөлімінің қызметкері телефон арқылы: «Бұл жерде ешкім жоқ, бәрі объектілерді аралауға шығып кетті» деп хабарлады.

«Арнаулы автобаза» КМК директоры Мұратбек МАХАНОВөз кезегінде екі тәуліктен бері үзіліссіз жұмыс жасап жатқандарын айтты.

- Еріген суларды тартып шығару жұмыстарына біздің және «АтырауСуАрнасы» техникалары, барлығы 30 вакуум мен 4 сорғы жұмылдырылды. Мектептер, балабақшалар, емханалар бірінші кезекте тазартылады. Сонымен қатар аулаларындағы қар күрелмегендіктен суға кеткен жеке сектор тұрғындарына да көмектесеміз. Көппәтерлі үйлердің аулалары суға толды деген шағымдар көп түсуде.

Мәселен, Авангард, 2 ықшамаудан. Бұл жерде уақытында қар күремеген ПИК қызметкерлері кінәлі. Гагарин, Тайманов көшелерін, Сарықамыс ықшамауданын су басқандығы туралы ақпарат расталды. Қазір біз сол жерге техниканы жібердік, суды тартып шығаруда. Шағымдар көп түсіп жатыр, бірақ көпшілігі әсірелеп айтуда. Сол жақ жағалаудан түскен шағымдардың тек 5 пайызы ғана расталды деп айта аламын. Қаланы су басу қаупі жоқ.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

6 ақпан 2016, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.