Атырау, 27 сәуір 02:46
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Әлі де өткен жылғы қармен күресудеміз

2 621 просмотра

Атырау облыстық еңбек инспекциясы басқармасынан кейін тұрғындардан хабарламалар қабылдау үшін қалалық ТКШ, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімі диспетчерлік WhatsApp қызметін іске қосты. Бұл туралы бөлім басшысының орынбасары Эдуард ОСПАНОВ өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

+ 7 701 611 29 30 нөмірі бойынша қала тұрғындары қай көшелерді қардан тазарту керектігі туралы хабарлап, еріген сулар басқан жерлер туралы дабыл қаға алады. Оспановтың айтуынша, орталық көшелер тазартылған, қазір күш қала маңына жұмылдырылыпты. Коммуналдық қызметтер ең алдымен апатты үйлердің, сондай-ақ мүгедектер мен аз қамтылған отбасылар тұратын аулалардағы қарды жинап, суларын шығаруда. Жеке сектордың қалған тұрғындарына өткен жылдың 31 желтоқсанында мол жауған қарды өз күштерімен тазартуды сұрайды.

Тайғақ басталғалы «АЖ»-ға әлеуметтік маңызды нысандарда: балабақшаларда, мектептерде, емханалар мен ауруханалардағы өткелдер мен жаяу жүргіншілер жолдарынан қар мен мұздың тазартылмайтындығына қатысты көп шағым түсті. 13 қаңтарда біз қалалық әкімдікке мұнымен кім: мекеме ұжымдары ма, әлде қалалық қызмет айналысуы тиіс пе деген сауал жолдадық. Алайда жауап келмеді. Жағдайды пайдаланып, Оспановтан сұраған едік. Оның айтуынша, әлеуметтік мағызды нысандардың аумағын тазартумен осы мекемелердің техникалық қызметкерлері айналысады, ал оған кірер жолдарды қалалық коммуналдық қызметтер қамтамасыз етуі тиіс. Көппәтерлі үйлердің аулаларын ПИК тазартуға міндетті.

Осы күндері қоғамдық көлік өкілдеріне көп наразылықтар айтылды. Колледж студенттерінен кондукторлар толық жолақыны – 80 теңгені талап еткен. Мектеп оқушыларының ата-аналарынан көп қоңырау түсті. 10-12 жастағы кішкентай балалар болса да, олардың балаларынан да кондукторлар толық жолақы алады. Осыған қатысты Оспанов жергілікті билік бекіткен ережеден үзінді келтірді: соғыс ардагерлері, 16 жасқа дейінгі бала кезінен мүгедектер, І және ІІ топ мүгедектері, сабақ кездері мектеп оқушылары жолақы төлемеулері тиіс. Жас ерекшеліктеріне байланысты зейнеткерлер үшін 50 пайыз жеңілдік бар. Студенттер үшін жеңілдіктер жоқ, өйткені қалалық бюджет ай сайын оларға тиісті демеуқаржы бөледі.

Қоғамдық көлік жұмысына шағым беру үшін қала тұрғындары Азаттық даңғылы, 101 «а» мекенжайында орналасқан қалалық ТКШ бөліміне хабарласа алады. Байланыс телефоны 25 44 51.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 қаңтар 2016, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.