Атырау, 27 сәуір 03:49
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Тәжікстанда жақын туыстар арасында некелесуге тыйым салынды

2 110 просмотра

Алматы. 13 қаңтар. ҚазТАГ – Тәжікстанда жақын туыстар арасында некелесуге тыйым салынды, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігінен (ТәжікТА) сәрсенбі күні.

«Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы бүгін үкімет ұсынған «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы» заңға және республиканың отбасылық кодексіне түзетулерді қолдады. Заңнамаға енгізілген түзетулерге сай ТР-де жақын туыстар арасында некелесуге тыйым салынды», - деп хабарлады палатадан.

Мысалы, ағалы-інілілердің, апалы-сіңілілердің балаларының арасындағы, ағайын көкелер мен апалардың балаларының арасындағы некелерге тыйым салынатын болды.

Республикалық денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министірі Нусратулла Салимзоданың мәліметтерінше, 2015 жылы республикада 30 мыңнан астам мүгедек бала тіркелген, олардың көбісі жақын туыстардың арасындағы некеден туылған.

Қабылданған түзетулерге сай 2016 жылғы 1 шілдеден бастап азаматтар некеге тұрудың алдында тегін медициналық тексеруден өтеді. АХАТ органдары ондай анақтамаларсыз некені тіркемейді.

Дереккөз: ҚазТАГ

13 қаңтар 2016, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.