Атырау, 26 сәуір 22:03
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АҚШ конгресі Солтүстік Кореяға қарсы санкция салуға мүмкіндік беретін заң қабылдады

2 110 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ конгресі Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасының дамуына және баллистикалық зымыран жасауына көмектескен кез келген елдің жеке және заңды тұлғасына қарсы санкция салуға мүмкіндік беретін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Заң жобасы былтыр әзірленген еді, алайда оның қабылдануына КХДР-дың сутегі бомбасын сынау жөніндегі оқиға себеп болды.

Заңға сәйкес Пхеньянға ядролық және жаппай қырып-жою қаруын жасауға материалдық көмек көрсеткендерге қатысты шаралар қолданылуы тиіс.

Сондай-ақ, санкция салынған тізімдегілермен АҚШ үкіметі қандай да бір мәміле жасауға тыйым салынған.

Құжатты 418 конгрессмен құптап дауыс берген, тек екі адам ғана қарсы болған.

Америка сенаты КХДР-ға қарсы санкция туралы тағы да бір заң жобасын таяу арада қарамақшы.

Дереккөз: inform.kz

13 қаңтар 2016, 12:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.