Атырау, 27 сәуір 04:06
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Таңдаулылар тұратын тұрақ

2 160 просмотра

- Привокзальный ықшамауданындағы 3-емхананың алдында үлкен көлік тұрағы бар, алайда оған кіретін жол шлагбауммен жабулы тұрды, көлігімді жол бойына тастап кетуге мәжбүр болдым. Шалшық су, балшық болса да, бала жетектеген ересек адамдар көліктерін жолдың арғы жағына қойып, жаяу келуге мәжбүр. Алайда кең көлік тұрағының аумағы жартылай бос тұрады, бұл жерге тек қызметкерлер өз көліктерін қояды. Мекеме басшылығынан неге шлагбаум қойып, келген адамдарды неге кіргізбейтінін сұрағым келеді.

Телефон арқылы

Сұраққа 3-емхана бас дәрігерінің орынбасары Клара ЖАСАҚБАЕВА жауап берді:

- Бұрын бұл автотұрақ ашық болды, алайда бұл жерде тек таксилер тұратын. Таксилердің дұрыс қойылмағаны салдарынан «жедел жәрдем» көлігінің жедел шақыртуға шыға алмай қалуы орын алған оқиғадан кейін біз бұл тұраққа тек өз қызметкерлерімізге, сондай-ақ, мүгедектер мен ауыр науқастарға ғана кіруге рұқсат бердік. Дегенмен, қазіргі балшық пен шалшыққа байланысты бәрін кіргізіп жатырмыз.

31 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.