Атырау, 27 сәуір 00:11
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Болмаған оқиға

3 253 просмотра

- 17 желтоқсанда мені Аққыстау АІІБ-не шақырып, полиция қызметкерлері маған қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзды деген хабарлама келіп түскенін айтты. Олардың айтуынша, мен 8 қараша күні сағат 6-32-де Құлсары қаласында өзімнің Газель автокөлігіммен темір жол өткелінің шлагбаумы түсіп тұрғанына қарамай, айналып өтіппін. Алайда, бұлай болуы мүмкін емес, өйткені, мен осы күні үйде болдым және Аққыстау ауылынан шыққан жоқпын. Полиция қызметкерлері осы жол қозғалысы ережесінің бұзылуын түсірген бейнежазбаны көрсетуден бас тартты. Менің айтқан барлық уәждеріме қарамастан олар хаттама толтырып, осының негізінде мен 19 800 теңге мөлшерінде айыппұл төлеуім керек. Бұл жағдайда не істеуім қажет?

Телефон арқылы

Сұраққа ІІД ӘАБ басшысының орынбасары Мырзәлі ӨТЕҒАЛИЕВ жауап берді:

- Құқық бұзушылық болған жерде бейнежазба жүйесі жоқ. ҚР ӘҚтК-тің 607-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс ҚР ӘҚтК-тің 802-бабы негізінде қозғалды және бұған Құлсары қаласындағы теміржол станциясы директорының осы азаматқа тиесілі автокөліктің темір жол өткелінен өту ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік шара қабылдау туралы жазбаша хаты себепші болды.

Егер азамат өзіне тағылып отырған бұзушылықпен келіспесе, осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаулысына ҚР ӘҚтК-тің 45-47 тарауларында көрсетілген тәртіппен және мерзімде шағым жасай алады. Оқырман прокуратураға немесе сотқа шағымдана алады.

31 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.