Атырау, 6 мамыр 14:12
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Cайлаушылар үш түрлі бюллютень алады

2 594 просмотра

Келесі жылдың 15 қаңтарына белгіленген ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауында сайлаушылар үш түрлі бюллютень алатын болды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

Оның айтуынша, бюллютеньдердің біреуі Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс беруге арналған. Екінші бюллютень облыстық мәслихат депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге, ал үшінші бюллютень аудандық немесе қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидат үшін дауыс беруге арналған. Ал Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары екі бюллютень алады. Өйткені бұл қалаларда аудандық мәслихаттар жоқ. Сондықтан мұнда сайлаушылар дауыстарын саяси партияға немесе қалалық мәслихаттың депутатын сайлау үшін беруге тиіс болады. «Қазіргі уақытта ОСК барлық қажетті дайындық шараларын өткізуде. Сондай-ақ алдағы сайлауға тиімді ақпараттық қолдау көрсетуге, сайлауды ұйымдастырушыларды оқытуға күш жұмылдырып отыр. Сайлауды ұйымдастырушылар үшін республикалық семинар кеңесінен басқа өңірлік жиындар да өткізілетін болады», - деді ОСК төрағасы.

www.inform.kz

22 қараша 2011, 15:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.