Атырау, 26 сәуір 15:39
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ұлыбритания ЕО-дан шығу туралы референдумды 2017 жыл соңына дейін жүргізеді

2 582 просмотра

Image 0euromag.ruАлматы. 18 желтоқсан. ҚазТАГ – Ұлыбритания ЕО-дан шығу туралы референдумды 2017 жыл соңына дейін өткізеді, деп хабарлады ресейлік БАҚ-тар.

Кеше Еуроодақтың Брюссельдегі саммитіне келген Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон Біріккен Корольдықтың ЕО құрамында келешекте болу-болмауына қатысты мәселе жөнінде референдум өткізу туралы британиялық заң күшіне енгенін мәлім етті.

«Бүгін (17 желтоқсанда – ҚазТАГ) заң жобасыкорольдік санкция алды. Ол дегеніңіз референдум 2017 жыл соңына дейін өтеді деген сөз. Және бүгін Брюссельде Ұлыбританиның Еуропаға көзқарасын қайта қарау туралы әңгіме болмақшы, және маған мен ұсынған төрт мәселе бойынша алға жылжушылықты көргім келген болар еді», - деді британиялық үкімет басшысы.

Ол Брюссель билігінің алдында келесідей төрт талап қойып отыр: ЕО-ны мультивалюталық одақ ретінде мойындау, қауымдастық ішіндегі бәсекелестікті арттыру, ЕО заң шығармашылығында ұлттық парламент өкілеттіктерін кеңейту және көші-қон заңнамасын қатайту. Бұл заң бойынша Ұлыбританияның әлеуметтік төлемдері мен артықшылықтарына ЕО-дан келетін көшіп-қонушылардың қол жетімділігін бұғаттау талап етіледі. Премеьрдің пікірінше, осы талаптардың орындалуы британиялықтардың елдің осы одақ құрамында қалуын қолдаудың негізі болмақшы.

Бірақ, хабарланғандай, ЕО саммиті Ұлыбританияның талаптарына қатысты ортақ пікірге келе алған жоқ. Еуропалық одақ кеңесінің төрағасы Дональд Туск мәлім еткендей, «көшбасшылар осы талаптарға қатысты келешекте пәтуаға келу мақсатында келіссөздерді жалғастыру керектігін айтты»

Еуроодақты реформалау саласындағы Ұлыбританияның талаптарының ең күрделісі осы елге келіп жатқан шетелдіктер үшін, оның ішінде ЕО елдерінен де келгендер үшін британиялық әлеуметтік жеңілдіктерге қол жетімділігін төрт жылға кері шегеру болып отыр деді Д. Туск.

Еуроодақ басшысы ЕО-ның Брюссельде 18-19 ақпанда өтетін келесі саммитіне Ұлыбритания мен қауымдастықтың 27 елі «қанағаттанарлық шешімге келулері тиісті» екенін атап өтті.

Дереккөз: ҚазТАГ

18 желтоқсан 2015, 12:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.