Бишімбаевтың айтуынша, таяудағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі құрылыс мерзімдеріне еш әсер еткен жоқ. Өйткені, қазақстандық құрылыс материалдарының үлесі өте жоғары.
АСТАНА, 23 қар — Қазақстан жаңалықтары АА. Теңге бағамының өзгеруі арендалық баспана құрылысы мерзіміне еш әсер еткен жоқ деп мәлімдеді "Бәйтерек" ҰБХ басқармасының төрағасы Қуандық Бишімбаев.
"Ағымдағы жылы Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкі аясында жергілікті әкімдіктермен бірлесіп, 507 мың шаршы метр үй салынатын болады. Мұнан бөлек Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Тұрғын үй-құрылыс жинақ банкін қоса алғанда, «Бәйтерек» холдингі желісінде 929 мың шаршы метр пәтер пайдалануға беріледі",-деді Бишімбаев үкіметтің селекторлық режімдегі отырысы барысында.
Оның айтуынша, біздің барлық нысандардағы қазақстандық қамту көлемі кемінде 80 пайызды құрайды.
"Таяудағы ұлттық валюта бағамының өзгеруі құрылыс мерзімдеріне еш әсер еткен жоқ. Өйткені, қазақстандық құрылыс материалдарының үлесі өте жоғары", — деп толықтырды сөзін ол.
Дереккөз: newskaz.kz