Атырау, 27 сәуір 00:53
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Обама Иранға қатысты санкциялардың пәрменін тағы бір жылға ұзартты

2 815 просмотра

Image 0newsader.com

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/91460-n-zartty
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz / Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс.Алматы. 11 қараша. ҚазТАГ – Иранға қатысты американдық санкциялардың пәрмені тағы бір жылға ұзартылды, деп хабарлады ТАСС.

«Бұл туралы шешімді АҚШ президенті Барак Обама қабылдады. Ол конгресске Иранға қатысты бұдан 30 жыл бұрын жариялаған «төтенше жағдай» пәрменін тағы бір жылға ұзартатыны туралы хабарлама жіберді», - делінген хабарда.

Құжатта Б. Обама «Ирандағы жағдай тудырып отырған АҚШ ұлттық қауіпсіздігіне, сыртқы саясатына, экономикасына ерекше қауіп төнуіне байланысты төтенше жағдай жарияланған 1979 жылғы 14 қарашадағы номері 12170-ші атқару жарлығын күшінде қалдыру» туралы шешім қабылдағанын көрсеткен.

АҚШ президенті өз шешімін «Иранмен қарым қатынас әзірге қалыпқа келмегендігімен», ал «1981 жылғы 19 қаңтардағы екіжақты келісімнің орындалу үдерісі әлі енді іске асырылу сатысында тұрғандығымен» негіздепті.

Әңгіме АҚШ пен Иран арасындағы алжирлік келісім туралы болып отыр. Сол келісімнің арқасында 1979 жылғы ислам революциясынан кейін Теһранда кепілдікте бір жыл отырған америкнадық дипломаттар босатылғанды.

Бұл құжаттарда, атап айтқанда, елдердің бір бірінің ішкі істеріне араласпау қағидаттары айтылған.

Сонымен қатар аталған шектеулер Иран мен «алтылық» арасында Венада 14 шілдеде қол жеткізілген Бірлескен жалпылама іс-қимыл жоспарын (БЖІЖ) Теһран толық орындаған соң АҚШ алып тастауға уәде берген санкциялар топтамасына кірмейтіндігі айтылады. Б. Обама өзінің мәлімдемесінде БЖІЖ-нің орындалуымен байланысты «ядролық санкциялар» деп аталатындар мен алынып тасталуы Австрияда қол жеткізілген келісімшарттарға байланысты емес басқалардың аражігін нақты шектейді.

Агенттік еске салғандай, 1979 жылы 14 қарашада АҚШ-тың 39-шы президенті Джимми Картер Теһранда американдықтарды кепілген алуына жауап ретінде 12170 номерлі жарлыққа қол қойды.

АҚШ-тың қаржы министрлігіне Құрама Штаттарындағы ирандық ресми авуарлардың барлығын бұғаттау, оның ішінде американдық банктердегі және олардың шетелдердегі филиалдары мен бөлімшелеріндегі шоттарға бұғат салу туралы нұсқау берілді. Шын мәнісінде бұл Иранға қарсы алғашқы экономикалық жазалау шараларын енгізілгенін білдіреді. 1980 жылы 7 сәуірде Картер Теһранмен дипломатиялық қарым-қатынасты үзді және АҚШ-тан Иранға барлық тауарлардың, оның ішінде азық-түлік пен медикаменттердің экспортына тыйым салды.

Одан соң Ираннан АҚШ-қа кез келген тауарлардың импортына, американдықтардың Иранға сапарына эмбарго жариялады. Кейін барлық американдық президенттер осы елге қарсы санкцияларды қатайта берді.

Дереккөз: ҚазТАГ

11 қараша 2015, 10:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.