Атырау, 27 сәуір 05:52
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Адамдар неге уланып өледі?

3 945 просмотра

Жыл басынан бері облыс бойынша 300-ден аса өрт болды, бұл 2014 жылдан екі есе артық. Сауда желілері мен өнеркәсіптік нысандардағы өрт саны 15 есе өскен. Бұл туралы жылу беру маусымы барысындағы бақытсыздық жағдайларының алдын алуға арналған жиналыста облыстық ТЖД бастығының орынбасары Марат ҚҰРМАНОВ хабарлады.

- Сонымен қатар жыл басынан бері түтін және табиғи газбен уланған 51 жағдай болды, 127 адам зардап шегіп, тоғыз адам көз жұмды. Жылу бер маусымы басталған екі апта ішінде түтін газына уланған екі жағдай тіркелді, қайғылы оқиға болған жоқ, алайда жақсы жаңалық емес, - дейді М. Құрманов.

ТЖ мамандарының пікірінше, өрттердің көп бөлігі сағат 18-ден бастап түн ортасына дейінгі кезеңде, ал түтін және табиғи газбен улану түн ортасынан таңғы жеті аралығында болады екен. Көп жағдайда өрт пәтерлерде электр желілерін пайдалану және монтаждау ережелерін бұзу салдарынан шығады.

Содан кейін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалының бас инженері Берік ОМАРОВ сөз сөйледі:

- Біздің компаниямыз халықтың қолындағы газ жабдықтарының жағдайына қатты алаңдаулы. Жүргізілген талдаулар түтін мен табиғи газдан улану себептері көп жағдайларда түтін мұржаларының ақаулығынан немесе мүлдем жоқтығынан екенін көрсетті. Түтін мұржалары көбіне құрылыс нормаларына сәйкес келмей жатады. Сондай-ақ, улану себептері жылыту қазандықтарын пайдалану ережелерін бұзумен, оларды беттерінше көшіріп, қолдан жасалған қазандықтарды пайдаланумен байланысты.

Б. Омаровтың айтуынша, ҚР «Газ және газбен қамту туралы» заңының 30-бабына сәйкес, түтін және вентиляциялық арналар, ғимараттарға инженерлік коммуникациялар кіргізу иелері олардың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етуі керек.

- Қолдан жасалған газ аспаптарын сататын сауда нүктелеріне рейд өткізу керек. Сондай-ақ, ақаулы газ жабдықтары иелеріне әкімшілік жауапкершілікті күшейту қажет.

Б. Омаровқа сұрақ қойылды:

- Атырауда 14 қазан күні кешке табиғи газ неге ажыратылды?

- Апат болған жоқ. Қысым төмендеп кетті, салқын түскендіктен жеке меншік секторы тұрғындары өздерінің жылыту газ қаpандықтарын қосты. Қаланың әр жеріндегі газ таратқыш шкафтарында ажыратқыштар қосылған. Қазір бұл проблемалар шешілді, газбен қамту режимі қалпына келтірілді.

Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ:

- Кәсіпкерлердің айтуынша, сіздер оларда тоқсан сайын және ақылы тексеру жүргізесіздер. Бізге қазір өнеркәсіптік нысандардағы өрттың артқаны туралы статистика айтылды. Егер өрт себептерін тергеу барысында кәсіпкер сіздер алдын алу өткізгені туралы актіні көрсетсе, компанияларыңыз жауап бере ме?

- Бұл өрттердің барлығы газ кетуден болмаған. Мен әкімшілік жауапкершілікті арттыруды ұсындым, өйткені түтін және табиғи газбен уланудың алдын алу шараларымен тұрғындар айналыспайды. Бақылаушылар оларға ескерту береді, ал олар «газ жабдығы өзімдікі, өзім білемін» деп жауап береді. Мұндай қарым-қатынасты өзгерту керек. Кәсіпорындарда мұндай мәселе жоқ.

- Түтін және табиғи газ дабылқаққыштарын қайдан алуға болады?

- Жаңа нысандарға түтін газы (СО2) және метан (СН4) газ дабылқақыштарын орнатуды ұсынамыз. Пәтерде иіс шыққан бойда олар автоматты түрде газды ажыратады. Мұндай аспаптар 15 – 30 мың теңге тұрады және лицензиясы бар фирмалар орнатады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

30 қазан 2015, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.