Атырау, 26 сәуір 18:58
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Бұғатталған сайттар бір айдан бері ашылмай тұр». «Сириядағы Ресей шабуылына қатысты ауа-райы болжамы». «Жаңа валюта төңірегіндегі аңыздар». «Обама Путиннің Сириядағы соғысқа қатысуын қолдайды». «Сағаттың Елім деп соққан жүрегі».

1 897 просмотра

AZATTYQ. ORG «Бұғатталған сайттар бір айдан бері ашылмай тұр» - Ratel.kz пен Zonakz.net сайттарының иелері кімнің не үшін бұғаттағанын әлі білмейтіндерін айтады. Инвестициялар және даму министрлігі өкілі «желідегі ақаулар тексеріліп жатқанын» хабарлады.

«Сириядағы Ресей шабуылына қатысты ауа-райы болжамы» - Ресей мемлекеттік телеарнасы Сириядағы әскери операция туралы ақпаратты ауа-райы болжамына араластырды. Сирияның қоңыр күзі әуе шабуылдарына қолайлы екен.

ABAI.KZ. «Тәкфир жамағаты: олар кімдер?» - Соңғы жылдары әлем халықтары арасында жаппай дінге бет бұрушылық байқалады. Әсіресе ислам діні кең етек жаюда.

«Кенесарының суретін салған кім?» - Мерзімді басылымдарда Кенесары хан жөнінде жиі жазылып келеді. Сол материалдарда батырдың портреті де қоса жарияланып жүр. Оған қазір жұрттың көзі үйренген болуы керек.

ALMATY-AKSHAMY.KZ «Жаңа валюта төңірегіндегі аңыздар» - Нұрсұлтан Назарбаев күні кеше ғана: «Дүниежүзілік жаңа валюта жасауды ойластыру керек» деген пікірін ашық білдірді.

QAZAQUNI.KZ «Сағаттың Елім деп соққан жүрегі» - 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасы» атанған кезінде халықтың арындай болған ағадалазамат, елгебелгілідарындыәдеби-сыншы Сағат Әшімбаев (ол кезде – Қазақ ССР Телевидение мен радио комитетінің төрағасының орынбасары қызметінде болған) Қақақ ССР Юстиция министрлігінде қызмет істеп жүрген, ертеден сыйлас досы әрі құрдасы Сәдуақасов Нақыпбекккеқоңырау шалып, ақылдасатын шаруа барлығын айтып, келіп кетуін өтінеді.

ULT.KZ «Шыңғыс қаған және ДНК, моңғолдар мен қазақтар» - Батбаярын ХЭРЛЭН – АҚШ-та Биомедика инжнерия бағытында білім жетілдіреді. 2007 жылы өз жұмысын бастаған. Моңғол Туырлықтылардың Құрылтайы мемлекеттік емес мекемені құрған басқарушы комитеттің мүшелерінің бірі. Сонымен, ғылымдағы күрделі мамандықтардың бірегей бір саласыгенетика бойынша жемісті еңбек етіп жүрген ғалым қызбен жүргізген қызықты сұхбатымыздың әуелгі бөлімін ұсынамыз.

QAMSHY.KZ «Обама Путиннің Сириядағы соғысқа қатысуын қолдайды» - Путин Обаманың алдын орағаны жөнінде тынымсыз айтылып жатқан әңгіме, жазылып жатқан ақпар көп бүгінде. Дегенмен, бұл бар болғаны шындықпен жанаспайтын үгіт-насихаттың құралы һәм пиардың үйреншікті қадамы.

SHYN.KZ «О.Сүлейменов пен М.Мағауиннің қателіктері» - Адам түйсігінің күшті дамуы жаңалық ашудың сыртында қателікке де ұрындыратын болса керек. (Өзінің ұшқыр қиялының жетегінде кетіп).

NAMYS.KZ «Мағжанның жұбайы Зылиханың естелігі» - Мен 1931-33 жылдары Мағжанды іздеп жолығуға Карелияның Соловец станциясына барған едім.

JAQSY.KZ «Біржынысты отбасы балаңызды асырап алса, не болады?» -Естеріңізде ме, АҚШ Жоғарғы сотының елдің барлық штаттарында біржынысты некеге ұлықсат беруі әрі мемлекеттік хатшысы Д.Керридің «АҚШ бұл құқықты әлем бойынша орнатуға күш салады» деп мәлімдеуі кеше ғана болған сияқты еді.

9 қазан 2015, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.