Атырау, 26 сәуір 23:59
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

АҚШ-та қазақстандықты атып өлтірген полицейге ресми түрде айып тағылды

1 712 просмотра

Image 0

Екі адамды атып өлтірген америкалық полицей Стивен Рэнкинге айып тағылды. Таяуда ол сот алдына келеді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қоғам қайраткері Майкл Мохаммад хабарлады, ол қаза тапқан афроамерикалық Уильям Чэпменнің мүддесін қорғайды. Рэнкиннің 2011 жылы қазақстандық Кирилл Денякинді атып өлтіргені белгілі, бірақ ол жазадан құтылып кеткен болатын.

Оқ ату бойынша айып бейсенбі күні, 3 қыркүйекте тағылды. Pilotonline.com порталының мәліметінше, сот отырысының нақты қай күні болатыны белгісіз. Қаза болған Чэпменнің анасы баспасөз мәслихатында жоқ болса да Рэнкинге былай деді: Сен өмірді қидың, енді сенің өмірің қиылады".

Оның айтуынша, ол Рэнкинге айып тағылады деп күтпеген. Бұған дейін полицейдің адвокаты Рэнкинге айыптың тағылмауы мүмкін екенін айтқан. Сонымен қатар, ол оның сотқа тыңғылықты дайындалып, қорғауындағы адамның құқығын барынша қорғайтынын айтты. Айта кетейік, Tengrinews.kz тілшісімен әңгімелескен Кирилл Денякиннің анасы АҚШ-қа ұшып барып, сот отырысына қатысуға ниетті екенін хабарлады.

Айта кетейік, афроамерикалық Уильям Чэпмен биыл 22 сәуірде қаза тапты. Тергеудің мәліметінше, полицей оған екі рет оқ атқан: бірінші рет - бетіне, екіншісі - кеудесіне. Ол оқиға орнында көз жұмды. Медициналық сараптама Чэпменнің қанында ішімдік немесе есірткі заттары белгісінің жоқ екенін көрсетті.

Айта кетейік, 2011 жылы көктемде қазақстандық Кирилл Денякин Work and Travel бағдарламасы бойынша АҚШ-қа барып, Америка полицейінің қолынан Грин стритте қаза тапты. Ол Денякинге 11 рет оқ атқан. Оқиғадан кейін Рэнкин жұмысынан уақытша босатылып, сот оны ақтап шыққаннан кейін ол өз қызметіне оралды.

Дереккөз: tengrinews.kz

4 қыркүйек 2015, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.