Атырау, 26 сәуір 21:44
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жаңа пәтерлердің кілті тапсырылды...

3 750 просмотра

30 желтоқсан күні облыс әкімі С.Датов көшесіндегі теміржол бөлімшесіне қарсы салынған үш бес қабат үйдің кілтін қоныстанушыларға тапсырды.

Үйлі болғандардың 10-ы әскери қызметтегілердің отбасы болса, 80-і апаттылығына байланысты күреуге кететін үйлердің тұрғындары болды. Бұл салынған үйлердің орынында бұрын теміржолшыларға арналған жатақхана мен бірнеше «хрущевтік» үйлер болды. Өткен жылы олар апатты үйлерді күреу бағдарламасы бойынша бұзылған болатын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

 

***

С.Датов көшесіндегі жаңа үйлердің бірінен Арзамасский өткеліндегі 2-ші үйде тұратын төрт отбасы ақыры баспанаға қол жеткізді. (суретте). Олардың үйлері 2008 жылы апатты деп танылған болатын. Осыдан екі ай бұрын біз бұл үйлердің жағдайын көрген болатынбыз. Әкімге сол адам шошытарлық үйлердің суреттерін жалғап, хат жолдаған едік. Енді, міне, біздің көмегімізсіз де олардың көптен күткен армандары орындалды. Құттықтаймыз! 

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген В.Истомин

6 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.