Атырау, 19 мамыр 04:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Жасыл-желектер, тендер және артықшылықтар туралы

3 574 просмотра

Image 0«ЭкоСтройСтандарт» ЖШС компаниясының директоры Берікбай ӨМІРОВ.«Атырау ЗеленСтрой ЛТД» ЖШС – соңғы екі жылда біраз сынға ұшыраған компания 179 млн теңге мөлшерінде жас көшеттерге күтім жасау тендерін ұтып алды.

ЕКІ КОМПАНИЯ – ЕКІ ГАЗОН

Айта кетелік, тендер туралы біз Сәтпаев бойындағы газондағы ақ жабынға қатысты қалалық ТКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Өмірбек КАМАЛОВҚА хабарласқан кезде кездейсоқ білдік.

Бұл ойылып қалған жерлерге сеуіп тасталған газон, - деді Камалов. Әрі қарайғы әңгімеден ТКШ бөлімінің тендер жүргізгенін, оны «Атырау ЗеленСтрой» ЖШС-нің ұтып алғаны белгілі болды. Тендер сомасы, Камаловтың айтуынша, 179 млн теңге екен.

– Газонды да осы соманы игеру шеңберінде сеуіп жатыр ма? – деп сұрадым мен.

– Жоқ, мұны олар өз бастамасымен, өздерінің қолдарынан не келетінін көрсету үшін жасап жатыр, - деп жауап берді Камалов.

Жарытымсыз ақпараттан қаладағы көгалдандыру жұмыстарын «Атырау ЗеленСтрой» орындайтынын түсіндім. Қалай болғанда да, әңгіме тендер жеңімпазы туралы болып отыр, басқа компаниялар әңгімеде бой көрсеткен жоқ.

Түсірілім үшін сол жерге барған кезде анағұрлым көп жайтқа қанық болдым. Мені «Атырау ЗеленСтрой» өкілдерінің орнына әріптесім Лаура Сүлейменованың «Атырау қурап жатыр» жарияланымдарының кейіпкері - «ЭкоСтройСтандарт» ЖШС компаниясының директоры Берікбай ӨМІРОВ қарсы алған кезде таң қалдым.

Ахуал мынадай: олар (қалалық билік С. Т.) бізді жұмыс жасауға тартты. Бірақ біздің өз жұмысымызға комментарий бергенімізді қаламайды, - деді Өміров. – Олар бұл тайталас туралы естігілері келмейді.

Image 2Оның айтуныша, оның компаниясы Атырауда көшеттерді қалай отырғызу керектігін іс жүзінде көрсету үшін тәжірибе ретінде газон сеуіп тастаған екен.

– Бұл материал агроспан деп аталады. Мұндай аномалды ыстықта газонды өсіру мүмкін емес. Мынаны 10 күн бұрын Зеленстрой отырғызды, - деп сұхбаттасушым жол айырымы алдындағы жаңадан себілген беті ашық жатқан жер телімін көрсетті. – Біздің әрқайсымызға 300 метрден келеді. Бұл біздің технология, оған тәжірибе жасау арқылы келдік. Бес күннен кейін нәтижесін көресіздер. Арнайы жабын газонды нағыз аптап ыстықта тікелей күн сәулесінен қорғайды. Материал су өткізеді, оның астында мұндай ыстық жоқ, өйткені мата күн сәулесін шағылыстырады. Ішінде бастапқы, 2 см-ге дейінгі шөп қабаты үшін қолайлы микроклимат түзіледі. Біз билікке аномалды ыстықта көшеттерді қалай дұрыс отырғызу керектігін көрсеткіміз келеді. Зеленстрой газон сепкен жерге ештеңе шықпайтынына сенімдімін. Біз таяу күндерде ағаштарды – 30 қарағаш отырғызамыз. Шұңқырлар әзір, көпір маңындағы шағын учаскеге егеміз. Не үшін екенін білесіз бе? Көріксіз жерлерді көрсетпес үшін. Есесіне жұмыс істей алатынымызды көрсетеміз. Ағаштарды әзірге өз қаржымызға отырғызамыз, ал егер билік оны өз балансына алғылары келсе, біздің жұмысымыз үшін төлейтін шығар. Атырауда өсіп тұрған жасыл-желектерді – 2003 жылдан бері біз отырғыздық. Сол кезде біз қосалқы мердігерде жұмыс істеген едік. Бүкіл Сәтпаев даңғылын көгалдандырдық, суару жүйесін жолға қойдық. Осы жол түйініне де ағаштар егіп, газон төсеген, сондай-ақ ТШО мен облыстық әкімдік төңірегіне де еккен біз. Ал Зеленстрой бертінде пайда болды.

– Тендер ережесі бойынша кім аз сома ұсынса, сол ұтады ғой.

– Мәселе сомада емес. Әңгіме біздің компания туралы да емес. Жұмыс жасап, қызықты жобалар ұсына алатын басқа да лайықты жандар бар. Алайда Зеленстрой – үнемі алдына жан салмайды.

«Атырау қурап жатыр-2» жарияланымына сүйсенсек, Б.Өміровтің бас прокуратураға, Қаржылық бақылау комитеті және ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне шағымы өткен жылғы 2,2 млрд теңге сомадағы Атырауды көгалдандыру жөніндегі байқау қорытындысын жоюға себеп болған. Себеп – тендерлік комиссия жетізушілердің біріне заңсыз артықшылық көрсеткен.

Қалалық биліктің сәтсіз өткізген көгалдандыру жұмыстарына қарамастан белгілі бір компанияға артықшылық беруі сұрақтар туындатып отыр.

Image 1"Атырау ЗеленСтрой" егетін газон.СУ ҚҰБЫРЫ МЕН СУ ТАСЫҒЫШТАР

179 млн теңге қайда жұмсалады?

Қалалық ТКШ бөлімінің бас маманы Ақесен ИБРАГИМОВТЫҢ айтуынша, бұлар - діңгек шұңқырларын қопсыту және отау, минералды ерітіндімен – натрий гуматымен тыңайту, бұта қоршамдарының бұталарын суару, бұта қоршамдарының шұңқырларын қопсыту және отау, ағаштарды тегістеп кесу, газондарды шөп шабатын мотормен шабу, шөптерді, арам шөптерді жинау, сондай-ақ жас көшеттерді суару.

Қалада суарудың екі тәсілмен жүргізілетіні белгілі: суаратын су құбыры шлангасынан (ол Азаттық даңғылы, Әуезов, Құнанбаев көшелері, Сәтпаев, Бейбарыс даңғылдарының және әуежай трассасының бойында бар – 55 км) және суару жүйесі жоқ немесе жарамсыз жерлерде күніне үш мәрте көшеттерді 14 су тасығышпен суарады. Бір күндік машинамен суаруға Жайық суының 700 «текшесі» жұмсалады. Қаладағы суаруды қажет ететін жалпы алаң – 16,5 га.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

11 тамыз 2015, 16:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.