Атырау, 20 сәуір 10:48
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Атырау қурап жатыр

3 411 просмотра

Image 12014 жылы қыркүйекте қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ жасыл көшеттерді күтіп-баптауға қаржы бөлуді көбейту туралы сөзі 2015 жылы Атырауда жасыл-желекке қатысты бәрі жақсы болатындығына үміт берген еді. Алайда бәрі керісінше болып шықты: арам шөптер тізеден келеді, сап-сары болған газондар, қураған теректер... «Мұнайлы астанаға» не болды?

ЖАУАПСЫЗ СҰРАҚТАР

Естеріңізге салсақ, өткен жылдың күзінде облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында көгалдандыру шаралары туралы баяндамамен қала әкімі сөз сөйлеп, депутаттардан көгалдандыру бюджетін көбейтуді өтінген еді. Осы бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемі бірнеше жыл өзгермеген. Ал жас ағаштарды отырғызу алаңы 4,8 есеге, бұта қоршамы мен газондар – 3,4 есеге көбейді. Бюджетті 170 млн-нан 180 млн теңгеге дейін азғана көбейтті. Бірақ тендер сондай үлкен кешігумен өткізіліп, тендерді жеңген компания көгалдандыру жұмыстарына тек маусымда кірісті. Ал негізінде маусым сәуір айында басталуы тиіс.

«АЖ» қалалық әкімдікке көктемде сауал жолдаған еді. Маусымның ортасына дейін созылған хат жазысу нәтижесінде әкімдіктің әлдебір себеппен газеттің сұрақтарына анық және нақты жауап беруге қабілетсіз екендігі айқындалды: екіұшты жауаптар, жоғалып кеткен сауалдар, ұмыт қалған сұрақтар... Сөйтіп, бізге тек жауап беруге қолайлыларына ғана жауап берді.

Жетіспейтін ақпаратты біз ішінара мемлекеттік сатып алулар сайтынан таптық. Мамырда жарияланған тендерге төрт фирма қатысқан. Олардың арасында анағұрлым танымал әрі кейін жеңімпаз атанған - «Атырау Зелен Строй ЛТД» ЖШС бар. Қала тұрғындарының наразылығы сол мекемеге аударылған.

Соңғы жауапты қалалық әкімдік 19 маусымда берген, бірақ ол жауаптан да неліктен тендердің кешігіп өткізілгендігі бәрібір түсініксіз болып отыр. Есесіне онда: «Жобалау-сметалық құжаттама әлі жасақталуда», деп гүлдерді отырғызу тендерінің мүлдем әлі өткізілмегендігі айтылған.


«ӨТКЕН УАҚЫТТЫҢ ЕСЕСІН ТОЛТЫРАМЫЗ»

Image 0

Бүкіл қағазбастылыққа қатысты кешігулердің тек таяу күндері реттелгені, тендер жеңімпазы - «Атырау Зелен Строй ЛТД» ЖШС - өзінің тікелей міндеттемесін орындауға, атап айтқанда бұта қоршамын суаруға, тыңайтуға, қопсытуға, орналастыруға және қырқуға, газондарды шабуға және қураған ағаштарды кесуге кіріскені анықталды.

Иә, біз қаладағы жасыл көшеттермен айналысу жұмыстарын тек маусымда ғана қолға алдық, - дейді ЖШС директоры Геннадий ЦОЙ. – Бұл бізге қатысы жоқ себептермен орын алды. Рас, бұдан бұрынырақ, тендер нәтижелері белгісіз болған кезде, біз жұмыстардың кейбір түрлерін өз еркімізбен жасадық деуге болады. Теректер мен газондардың солып бара жатқанын бақылау өзіме де ауыр болды. Бірақ тендерді кім жеңетінін білмей тұрып, жұмысқа қалай кірісер едік?! Соңына дейін бұл бізге жұмбақ болып келді. Ал қазір күшейтілген қарқынмен босқа кеткен уақыттың есесін толтыруға жұмыстанудамыз. Аптап ыстыққа қарамастан жұмысшылар жасыл-желектерді құтқаруға әрекет етуде. Бірақ мұны бір күнде жасау, өзіңіз де түсінесіз, ақылға қонымсыз. Қазіргі уақытта бізде бүкіл қала бойынша 22 нысан бар, ал бұл қараусыз қалған үлкен алаңдар мен басталмаған көп жұмыстар.

…Қазір біз негізгі күшті саябақ аймақтарына жұмылдырдық. Қазіргі уақытта адамдар Жеңіс бағында, Құрманғазы алаңында, Смағұлов аллеясында және Әлиев көшесінің бойында жұмыс жасауда. Қаланың орталық көшелерінде жұмыстар қатар жүргізілуде. Ол жерлерде газондар, ағаштар қырқылып, суарылады және т.б.

– Көгалдандыру науқанының осыншама кеш басталуының қандай кемшіліктері бар?

– Көктемде ағаштар лайықты түрде тыңайтылған жоқ, сондықтан олардың көпшілігі өліп қалуы мүмкін. Қуаңшылық әрі аптап болғандықтан бұл іс қиындап тұр. Газондарға келер болсақ, шөп әдеттегіден биік өскен. Кей жерлерде тақыр жерлер пайда болған. Енді бір жерлер масақтанып, тағы бірінде қурап қалған. Бұл жұмыс көлемінің көбейіп жатқандығын, жұмысшылардың көп қажет екенін, көп уақыт керектігін білдіреді. Біз мұның қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, бәрін қысқа мерзім ішінде жасауға тырысамыз. Бірақ бірден емес, кезеңмен жасаймыз. Әйтпесе бұл мүмкін емес, біз сиқыршы емеспіз. Алаңдамауға болатын бір нәрсе, бұл - бұта қоршамы. Ол едәуір жайылып өскен, қырқылғаннан кейін тіптен жақсы көрінетін болады...

ТҰРБАЛАР ІСТЕН ШЫҚҚАН

Редакция сауалына берген жауапта Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИН Атырау қаласы бойынша суару жүйесі 59 шақырымды құрайтынын хабарлап, оның басым бөлігінің – жарамсыз болып қалған темір тұрбалар екенін мойындады. Суару жүйесі «Қалалық ТКШ бөлімі» ММ балансында, алайда Ә.Зайдуллиннің айтуынша, оны кімнің жөндеп, ұстау шығындарын көтеруі тиіс екендігі белгісіз.

«Өз атымнан айтарым, жөндеуге келетін жерлерді өзіміз жөндейміз, алайда бұл біздің міндетімізге кірмейді. Суару жүйесін жөндеуге едәуір қосымша қаржылар бөлінуі керек».

Ал егер отырғызуға әлі тендер өткізілмеген болса, орталық көпір маңында және облыстық әкімдік жанындағы қыш құмыраларда гүлдер қайдан пайда болды деген сұраққа, Әділбек Зайдуллин былай деп жауап берді: «Олардың бәрі ««Атырау Зелен Строй ЛТД» ЖШС-нің тәлімбағынан алынды. Ыстыққа төзімді тағы 200 мың шырайгүл әзірге контейнерлерде өз сағатын күтіп жатыр. Алайда тендер өткізу мерзімдері бұл жолы да белгісіз болып отыр. Біздің мамандар бұл уақыттарда оларды маусымның аяғына дейін отырғызбаса, өліп қалады деп растап отыр. Бізге оларды отырғызғаннан басқа амал қалмайды».

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

25 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.