Атырау, 26 сәуір 21:30
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ақтөбе теміржолындағы өрт вагондардың ақауынан шыққан болуы мүмкін (видео)

1 742 просмотра

Image 0Арнайы комиссияның ақпараты бойынша, Ақтөбе теміржолындағы өрт вагондардың ақауынан шыққан болуы мүмкін, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "ҚТЖ"ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚТЖ"ҰК" акционерлің қоғамынан құрылған арнайы комиссия тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Ақтөбе облысы Қандыағаш-Жем аумағында жеке адамға тиесілі №2908 жүк пойызының апаты вагондардың жарамсыздығынан болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, болжам расталса, барлық шығынды вагондардың иесі төлейді, Қазіргі уақытта жолдар қайта орнына келтірілді.

Ақпаратқа сәйкес, вагондардың өртенуінен тәулік бойы тоғыз жолаушылар пойызы кестеден кешікті.

Еске сала кетейік, жүк пойызы 30 шілдеде сағат 14.22-де Ақтөбе облысындағы Қандыағаш-Жем аумағында өртенген болатын. ТЖ орнында 43 жүк вагоны эвакуацияланды.

Өрттің ауданы - 350 шаршы метр. Өртті өшіруге 85 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Тілсіз жау жергілікті уақыт бойынша 18.10-да ауыздықталды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Дереккөз: tengrinews.kz

31 шілде 2015, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.