Атырау, 26 сәуір 23:15
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жаппай қойдың қырылуына байланысты Арал өңірінде төтенше жағдай жарияланды

2 585 просмотра

Image 0Қызылорда. 30 шілде. ҚазТАГ – Жаппай қой қырылуына байланысты Арал өңірінде төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.

Мысалы, Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қауіпті инфекцияға байланысты шаруа қожалықтарында жүздеген қой өлді.

«Егер нақты айтар болсақ, бес шаруа қожалығы зардап шекті, олардағы 9440 бас ұсақ малдан 1007 бас қой өлді, негізінен тоқтылары. Жүздеген бас мал ветеринарлық емделуден өтуде. Диагнозы – пастереллез», - деді облыстық ауыл шаруашылық басқарма бастығы Бақыт Жақанов бейсенбі күні.

Б. Жақановтың айтуынша, ауданда инфекцияның таралуы бір ай бұрын басталды. Ауданда 15-16 градус ыстық сақталып тұруы инфекцияның тез таралуына жағдай болып, ветеринарлық емдеуді қиындатты.

«Қазір Жаңақорған ауданында бірнеше ең жақсы ветеринарлық бригадалар жұмыс атқарып, фермерлерге сол проблемамен күресуге көмектесіп жатыр. Біздегі мәліметтер бойынша, 617 ауру малды емдедік, жақында оларды қайтадан жайылымға жіберуге болады. Шаруашылықтарда қойларды вакцинациялау жүруде. Жаңақорған ауданының әкімі өзінің құзыретімен ауданда төтенше жағдай жариялады», - деді Б. Жақанов.

Дереккөз: ҚазТАГ

30 шілде 2015, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.