Атырау, 26 сәуір 22:18
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​«Тұлпар-Тальгодағы» жаңа жеңілдіктер

2 422 просмотра

2015 жылдың 1 тамызынан бастап кейбір «Тұлпар-Тальго» бағыттарына 10 пайыз мөлшерінде жаңа жеңілдіктер енгізіледі.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, «Тұлпар-Тальго» пойызына жеңілдіктер күндік кестеде (бір бағытта) Алматы-Шымкент бағытындағы №35, Алматы-Ақтөбе бағытындағы №49, Ақтөбе-Алматы бағытындағы №50, Атырау-Алматы бағытындағы №78, Қызылорда-Астана бағытындағы №90 бағыттар бойынша енгізіледі.

Бұдан басқа, «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызындағы барлық жоғарғы орындарға 5 пайыз мөлшерінде жеңілдіктер енгізеді (№25/26 Алматы-Шымкент жолаушылар пойызын қоспағанда).

Сонымен қатар, 1 тамыздан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Жастар» (16-дан 25 жасқа дейінгі жастарға арналған) және «Құрмет» (60 және одан жоғары жастағы егде жандарға арналған) дисконтты карталарының жеңілдік мөлшерін қазіргі 10 пайыздан 30 пайызға дейін көбейтеді.

12 ай ішінде жүрдек пойыздарда сапарға шыққан тұрақты клиенттерге арналған «Саяхатшы» дисконтты картасы бойынша -: 100 000-нан 150 000 теңгеге дейінгі сомада жеңілдік мөлшері – 10 пайыз, 150 001-ден 200 000 теңгеге дейінгі сомада жеңілдік мөлшері – 15 пайыз; 200 001 теңгеден жоғары сомада жеңілдік мөлшері - 20%.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

30 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.