Атырау, 27 сәуір 08:23
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Туберкулез – колледж студенттеріне өш

1 985 просмотра

Image 0Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында туберкулезге байланысты проблемалар бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Алғаш анықталған науқастар санының жалпы төмендегеніне қарамастан Кох таяқшасы жұққан кәмелетке толмағандардың көбейгендігі байқалады. Салыстыру үшін: өткен жылдың бірінші жартысында 224 пациент есепке қойылды, олардың қатарында 21 жасөспірім бар. Биылғы жыл басында – 216 пациент, соның ішінде 33-і жасөспірім.

– Негізінен бұл колледж студенттері. Олар оқуға келеді, осал материалдық жағдай оларға қалыпты баспана жалдауға, толыққанды тамақтануға мүмкіндік бермейді. Бұрыш бұрышты жағалап, сызды, нашар жылытылған баспаналарды жалдап, жолай арзан пирожки немесе лапшаны сатып алып, жей салады, - дейді облыстық туберкулезге қарсы диспансердің бөлімше меңгерушісі Серік МҰСТАФИЕВ. – Біз билік алдына бүкіл колледждер өз студенттерін жатақханамен қамтуы тиіс, оқу орындарында асханалар жұмыс істеуі тиіс, ол жерде жасөспірімдер арзан бағамен ыстық тамақ жей алар еді деген мәселелерді қойдық.

Бұдан басқа, науқаспен байланыс бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатта 9-шы сыныпқа дейін ғана оқытылады, ал 15-16 жастағы жасөспірімдер қайда оқуы тиіс екендігі түсініксіз.

Фтизиатрлар көтерген тағы бір проблема – оқу жылы басталар алдында, шілде-тамызда оқытушыларды бір мәрте медициналық тексеруден өткізу. Қазір мұғалімдер түрлі уақытта кәсіби тексеруден өтеді, бастысы – соңғы дәрігерден тексерілген уақытына бір жылдан аспауы керек.

Перзентханаларда вакцина егуден бас тартатын ата-аналар саны да тұрақты өсіп отырады. 2012 жылы жаңа туған 319 сәбиге БЦЖ салынбады: 135 жағдайда медицианлық қарсы көрсетілімдер бойынша, 184 жағдайда ата-аналардың өздері бас тартты. 2013 жылыы 539 сәби егілмеді, 376 ата-ана бас тартып, қолхат берді. 2014 жылы егілмеген балалар саны 841-ге жетті. Оның ішінде 539 ата-ана бас тартты. Бірақ мұндай жағдайда, денсаулық сақтау министрлігінің бйұрығына сәйкес, жаңа туған сәби отбасының барлық мүшелері сәбиге жұқтырып алу мүмкіндігін жоққа шығару үшін міндетті түрде флюорографиядан өтуі тиіс. Бірінші жарты жылдықта балалар арасында туберкулезге шалдыққан 9 жағдай тіркелді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 шілде 2015, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.