Атырау, 27 сәуір 04:28
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жайқағар қондыр немесе сақтан

1 966 просмотра

Image 0Маусым айында Атырауда екі жеке меншік үй найзағай түсіп, зардап шекті – шатырлары толықтай өртеніп кетті. Қалалық әкімдіктің жауабынан белгілі болғандай, қалалықтар өз үйлерін өздері жөндейтін болды.

Самал ықшамауданындағы үйдің иесі айтқандай, 1 маусымда ол таңғы 5-те тұрып, коттедждің бірінші қатарында болған. Бір сағаттан кейін найзағай қатты ойнағаннан кейін есікті көршілерім соғып, шатырдың жанып жатқаны туралы айтты.

- Сол уақытта бірінші қатарда болып, ештеңені сезбедім. Кейін өрт сөндірушілер келді, алайда қолдарында ешбір құралдары жоқ екен. Төбені ашу үшін көршілердің үйіне жүгіріп, шеге бұрағыш іздеп жүргенде, шатыр толықтай жанып кетті. Үстінен су құйып сөндірді. Жақында ТЖ қызметкерлері келіп, акт жасап, қорытындыларды әкімдіктен аласың деді. Әзірге ешкім хабарласқан жоқ.

Әкімдікке жіберген сұранысымызға келген Атырау қаласы әкімінің орынбасары Әділбек ЗАЙДУЛЛИННІҢ жауабында мұндай жағдайларда жергілікті атқарушы органдар тарапынан көмек қарастырылмағаны жазылған: «Егер меншік иесі өз тұрғын үйін сақтандырса, ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес ол өз шығындарын сақтандыру компаниялары арқылы өтей алады. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңында меншік түріне қарамастан үйлердің шатырына жайқағарлар қондыру қарастырылмаған».

Сақтандыруға келетін болсақ, «НСК» АҚ атырау филиалының маманы Інжу ҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, тұрғын үй иесі мүлігін сақтандырған жағдайда ғана шығындарын өтей алады.

- Үйлер, пәтерлер, саяжайларды сақтандыруға болады. Бұл жағдайда әңгіме табиғи зілзалалар (найзағай түсу) қатері туралы болып тұр. Біздің қағидаларымызға сәйкес, осы оқиғаның болған фактісін құзіретті органдар растауы қажет. Ал шығын мөлшері тәуелсіз сарапшының актісі негізінде, бүлінген мүлікті қалпына келтіру құнынан сақтандыру жағдайы басталғанға дейінгі мүліктің есептелген амортизациясын (тозуы) шегеру арқылы анықталады. Шығын туралы акт сақтандырушы мен сақтанушы арасында келісіледі. Егер сақтандырушы шығынды бағалаумен келіспейтін болса, ол актіге қол қоймай, басқа тәуелсіз сараптама компаниясына жүгінуіне болады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

2 шілде 2015, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.