Атырау, 27 сәуір 08:42
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​«Бар үміт түркиялық Денизде»

2 390 просмотра

Image 12016 жылғы Олимпиада жолдамаларын сарапқа салу үшін Атырау облысы атынан түркиялық таеквондошы қыз өнер көрсететін болады. Бұл туралы таеквондодан облыс құрамасының аға жаттықтырушысы Батырбек ЕСДӘУЛЕТОВ (суретте) «ЖС»-ке берген сұхбатында айтты.

«КҮНІ КЕШЕ ҮЗДІКТЕРДІҢ ҚАТАРЫНДА ЕДІК»

- Осы жылдағы турнирлік жетістіктер туралы айтыңызшы.

- Облыс құрамасы үшін басты жарыстар шілде айында Қызылордада ҚР Спартакиадасы аясында өтетін ҚР чемпионатында басталады. Қараша айында Астанада ҚР Кубогы мен «Қазақстан Оупен» халықаралық турнирі өтеді. Жүлдесіз қалмаймыз деп үміттенеміз.

"АЖ" ақпары:
Батырбек Жоламанұлы Есдәулетов, 34 жаста, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында ҚР чемпионы және ҚР Кубогы иегері, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнирлердің жүлдегері, жаттықтырушылық өтілі - 13 жыл.

Наурыз айында Қытайдың Тайпейінде өткен Азия чемпионатында жасөспірім Сағадат Жолдасбаевтың «қола» жетістігін айтып кетейін. Бұл жарысқа Сағадатпен бірге тағы бір атыраулық таеквондошы Данир Базарбаев қатысты. Данир алдын ала айналымнан өте алмай қалды. Сонымен қатар, Сағадат ақпан айында Рязаньда өткен халықаралық турнирдің күміс жүлдегері болды. Талантты бала ағымдағы жылда ересектер санатына көшіп, облыс құрамасының 54 келіге дейінгі салмақтағы негізгі үміткері болады деп қарастырып отырмыз.

Жыл басында Фуджейреде (Біріккен Араб Әмірлігі) өткен халықаралық турнирде Айгүл Елубай күміс жүлдегер атанса, Динара Ұзақбаева «қола» жүлде алды. Айгүл мен Динара бүгінде ұлттық құрамадағы жалғыз өкілдеріміз.

- Жүлделердің болмауы облыстық федерацияда кадрлық өзгерістердің себепшісі болды. Не өзгерді?

- Өткен жылдың қыркүйегінде федерация кеңесінде маған ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Төребаевтың орнына облыс құрамасының аға жаттықтырушысы болуды ұсынды. Ал ол кісі облыстық федерациясының бас хатшысы болып сайланды. Федерация президенті С. Ерубаевтың ұсынысымен Нұрхат Дүйсебаев вице-президент болып тағайындалды. Ал облыстың жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған менің орныма Сәуле Сардарова келді.

Соңғы жылдары атыраулық таеквондошылардың турнирлік нәтижелерде құлдырауы байқалады. Кадрлық өзгерістердің себебі ретінде федерация президенті С. Ерубаев облыс құрамасының Алматыда өткен ел кубогындағы сәтсіз өнер көрсетуін атап өтті. Ол жарыста бірде-бір жүлде алынбаған еді.

Қазір Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Қарағанды қаласының құрамалары жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. 1999-2010 жылдары біздің облысымыз сөзсіз көшбасшы болып, ел құрамасының тең жартысы біздің спортшылардан тұрғанын қалай еске алмасқа? Бұл жылдары жаттықтырушылар құрамы ересектер құрамасына үлкен көңіл бөлді де, өскелең ұрпақты ұмытып кетті. Жақын әзірде жағдай түзеледі деп ойлаймын. Қатарымызда ересектер арасында ҚР чемпионатының екі дүркін жүлдегері және жасөспірімдер арасында екі дүркін ҚР чемпионы Амантұр Табылдиев пен ҚР чемпионатының жүлдегері Айгүл Елубай бар. Айгүл Челябинскіде өткен әлем чемпионатында жүлде ала алмаса да, жақсы өнер көрсетті. Динара Ұзақбаева ауыр салмақта ел құрамасының екінші нөмірлі спортшысы болып табылады.


«ГҮЛНАФИЗ АЛМАТЫДА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ БОЛЫП ЖАСАЙДЫ»

- Спортшылардың қандай олқылықтарын байқадыңыз? Жоспарыңыз қандай?

- Кейбір жағдайларда спортшылардан негізгі базаның жетіспеушілігін, қарапайым икемділіктің жоқтығын байқаймын. Еріншектік пен жеке жаттықтырушыларының талап қоя алмағандықтары көрініп тұр. Облысымызда спорт интернатын ашқанда бәрі өзгереді деп ойлаймын, Нұрсаядағы ЖСШМ-ге арналған базаның құрылысы аяқталуын күтеміз.

- Лондон Олимпиадасына қатысқан таэквондошы Гүлнафиз Айтмұхамбетова қазір қайда?

- Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін Гүлнафиз Алматыға көшіп, ірі фитнес клубтардың бірінде таеквондо жаттықтырушысы болып жұмыс жасайды.

- Атыраулық таеквондошылардың ішінде олимпиадалық жолдама алуға мүмкіндігі бар адам бар ма?

Image 0

- Бірден турасын айтайын, ешқайсысының мүмкіндігі жоқ. Соңғы уақытта ҚР таеквондо федерациясы түркиялық спортшы, Қазақстанда туған Жансел Денизбен (суретте) келіссөздер жүргізіп, келісімшартқа қол қойды. Ол - Түркияның 8 дүркін чемпионы, Грецияда клубтар арасында өткен Еуропа чемпионатының жеңімпазы, Әзірбайжанда болған Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, студенттер арасында Еуропа чемпионы. ҚР федерациясы, біздің тарапымыздан және спортшының арасында болған келіссөздерден кейін Дениз Атырау облысының намысын қорғайтын болады деген келісімге келдік. Қазір ол қазақстандық төлқұжат дайындап жатыр.

Уақыттың аздығына байланысты Жансельге Олимпиада жолдамасын алуға жеткілікті рейтингтік ұпайлар жинау қиын болады. Тәуекелге бел буып, 2016 жылғы сәуірде Филиппинде өтетін лицензиялық Азия чемпионатына барып, жүлде алу ғана қалды. Бұл жарыстың финалшылары Олимпиада жолдамаларын автоматты түрде алады.

- Ресей құрамасының мүшесі, астрахандық Арман Ерғалиевпен жүргізген келіссөздер қалай аяқталды?

- Федерация онымен келісімге келе алмады, оның Ресей құрамасымен келісімшарты бар екен. Айтпақшы, ол Бакуде өткен алғашқы Еуропалық ойындарда 58 келіге дейінгі салмақта Ресей атынан өнер көрсетті, алайда жүлдегерлер қатарына қосыла алмады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.