Атырау, 27 сәуір 03:05
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Қызықты қызмет түрі

2 597 просмотра

– Атырау қаласындағы жеке секторда кәріз жүйесі жоқ, ал үй қожайындарынан кәріз жүйесінің қызметі үшін ақы алынады. Егер септиктерді тұтынушылардың өздері орнататын болса, КМК-ге не үшін төлейді? Сондай-ақ, тұтынушылар қоқыр-соқырдан тазартатын машинаның қожайындарына сарқындыларды тартып, қабылдау қосынына дейін тасымалдағаны үшін ақы төлейді. Жеке секторда кәріз қызметі үшін тариф неден жасалады?

Сұраққа «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ жауап берсін:

– «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесіне» сәйкес, ағындысы шұңқырға (септикке) бұрылған және кейін ол тасылып шығарылып, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын тұтынушылардың сарқынды су көлемі тұтынылған су көлемімен есептеледі.

Жеке септиктегі сарқынды «Атырау Су Арнасы» КМК-ның немесе «Атырау Су Арнасы» КМК-мен келісімшарты бар мекеменің тапсырыс берілген вакуумымен тартып шығарылғандығы туралы тұрғындарға түбіртек ұсынылған жағдайда кәріз жүйесі үшін төлемақы сомасы түбіртекте көрсетілген көлем бойынша азайтылады.

2 шілде 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.