Атырау, 27 сәуір 01:55
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​«Бейбарыс» хоккей командасын чехиялық бапкер жаттықтырады

1 443 просмотра

Image 0Облыстық «Бейбарыс» хоккей командасының бас бапкері Александр ИСТОМИН өз қалауымен жұмыстан кетті. Бұл туралы «Бейбарыс» ХК хабарлады.

А. Истоминнің басшылығымен «Бейбарыс» 2011 және 2012 жылдардағы ел чемпионатында чемпион атанып, 2010 және 2013 жылдарда күміс жүлдегер атанды.

Оның орнына «Бейбарыс» командасын кезіндегі Чехия құрамасының аты аңызға айналған шабуылшысы, Альбервиль Олимпиадасының қола жүлдегері Ладислав ЛУБИНА жаттықтыратын болады. онымен келісімшарт жасалды. «1 шілдеде ол Атырауға келіп, жұмысына кіріседі», – деп хабарлады «Бейбарыс» ХК.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 маусым 2015, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.