Атырау, 27 сәуір 00:58
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Тамызда келіңіз

2 517 просмотра

- Менің 3 жастағы немереме Астанадағы «Ана мен бала» орталығында «эпилепсия» диагнозын қойды. Оған мүгедектік тағайындау үшін Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жанындағы дәрігерлік-еңбек сараптамалық комиссиясы мүгедектік анықтамасы төрт айдан соң берілетінін айтты. Ол үшін бала Тұрғындар қалашығындағы оңалту орталығына жатып шығу керек екен. Ал оңалту орталығында баланың сіңірі тартып қалатыны бар деп қабылдамай отыр. Енді мен не істеуім керек?

Балжан Төлемісова

Бұл сұраққа облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының директоры Нұрлан ҚҰРАҚОВ жауап берді:

- Біздің мекеме медициналық орталық емес, облыстық білім беру басқармасына қарайтын орта мектеп секілді оқу орталығы. Және мұнда оңалту әдістері қатар жүргізіледі. Бірақ, эпилепсияға қарсы емдеу шаралары қарасты-рылмаған. Тағы бір айтатыны, біз қаладан және аудандардан келетін балаларды орталыққа құрамында невропатологы, психологы, дефектологы және т.б. мамандары бар қалалық және облыстық медициналық-педагогикалық-психологиялық комиссиялардың шешімімен қабылдаймыз. Ал, мұндай анықтама бізге келген Балжан Төлемісованың қолында болмаған.

Бізге келетін балалар өте көп, әсіресе, жаз кезінде. Қаңтар-ақпанда азайып, наурызда қайта толады. Орталық 70 баланы қабылдауға арналған, бірақ кейде 100-дің үстіне шығып кетеді. Оқытушылар 25 маусымнан бастап 56 күн еңбек демалысына, балалар жазғы каникулға шығады. Іште жөндеу жүреді. Орталық өз жұмысын 13 тамызда кері бастайды. Сол кезде Балжан Төлемісова бізге келсін. Біз баланы көруіміз керек, физикалық және ақыл-ой дамуын байқауымыз қажет. Бізде қысқа және ұзақ мерзімді оңалту шаралары қолданылады. Яғни, сабақ және ем таңертеңнен кешке дейін, таңертеңнен түске дейін, түстен кешке дейін және 1-2 сағат жүретін топтар бар. Ал, бұл жағдайда баланың қасында ата-анасы болуы керек, оған мұнда сабақ оқытылып, емдеу шаралары жүргізіледі. Жаңағы баланы біз алдағы уақытта осы қысқа мерзімді топқа енгіземіз.

25 маусым 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.