Атырау, 27 сәуір 08:52
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Ержан Өтембаевты біржолата еркіндікте қалдырды». «Тәжік полковнигі ИМ қатарынан табылды». «Сәрінжіпов пен Перуашев “шайқасы": білім үшін бе, тиын үшін бе?». «Сандар сөйлейді: Ресей ішінен іріп барады».

1 787 просмотра

AZATTYQ. ORG «Ержан Өтембаевты біржолата еркіндікте қалдырды» - Оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін қастандықпен өлтіруді ұйымдастырушы деп танылған парламент сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа еркіндік берілді.

«Тәжік полковнигі ИМ қатарынан табылды» - Біраз уақыт бұрын ұшты-күйлі жоғалып кеткен Тәжікстан арнайы милиция жасағының бастығы Гулмурод Халимов «Ислам мемлекеті» тобына қосылған болып шықты.

ALASHAINASY.KZ «Ұлы державалар ашаршылықты айыптаудың орнына Сталинді жақтап кеткен. Неге?..» - Сталин салған зұлмат – жаңа экономикалық бағыттағы саясаты КСРО-ның 20 миллион халқын адам төзгісіз жағдайда «жалмады». «Оның 7 миллионы - украиндар, 7-8 миллионы - қазіргі РФ территориясындағы халық және 4,5 миллионы - қазақтар» деп хабарлайды «Алаш айнасы».

SERKE.ORG. «Алтынбек Сәрсенбаев өліміне қатысты сот шешімі күшінде қалды» - Кеше саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның екі көмекшісін қастандықпен өлтіруді ұйымдастырушылардың бірі деп айыпталған Парламент Сенаты аппаратының бұрынғы басшысы Ержан Өтембаевқа қатысты Астана қалалық сотының кассациялық алқасы оны мерзімінен бұрын шартты жазамен босату жөніндегі сот шешімін қайта қарады.

QAMSHY.KZ «Әлемде жыл сайын 30 миллион бала зорлыққа ұшырайды» - Соңғы он жылдықта әлемнің көптеген елдерінің отбасылық институттарында елеулі өзгерістер пайда болды.

«Қазақстанға құпия қару қолданылып жатыр ма?» - Соңғы уақыттарда бүкіл Қазақстанда орын алып жатқан түрлі апаттардың себебі әлі күнге жұмбақ қалғанын көзіміз көріп, құлағымыз естіп жүр.

«Сәрінжіпов пен Перуашев “шайқасы": білім үшін бе, тиын үшін бе?» - Кеше Мәжіліс депутаты, "Ақ Жол" партиясы лидері Азат Перуашев ҚР Білім және ғылым министрін сынға алып, қайта-қайта заңды ауыстыра бергеннен, шенеунікті ауыстырған әлде қайда тиімді екенін айтты. Бұл туралы "Қамшы" порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Сандар сөйлейді: Ресей ішінен іріп барады» - Соңғы мәліметтер бойынша Ресейде маскүнем адамдардың саны 5 000 000-нан артық немесе барлық елдімекеннің 3,4% құрайды.


29 мамыр 2015, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.