Атырау, 26 сәуір 18:32
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Шекарашылар балық қорғау инспекторын ұстады

5 673 просмотра

Image 0Шекарашылар орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының қызметкерін қылмыс үстінде – қара уылдырық пен қызыл балық алып бара жатқан жерінен ұстады.

Амангелді ауылының маңындағы «Еуразия» заставасының учаскесінде Жайық-Каспий каналының жағасынан шекара жасағы ҚР-ның екі азаматы мінген жүзу құралын ұстады. Олардың бірі аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының теңіз инспекциясы бөлімінің бас маманы болып шықты, - деп хабарлады ҚР ҰҚК ШҚ 2016 әскери бөлімшесінің анықтау және әкімшілік өндіріс бөлімінің бастығы Берік МҰХАМЕТЖАНОВ.

Қайық бортынан алынған өнімді сақтау мен тасымалдау заңдылығына қатысты еш құжатсыз 1,2 келі шоқыр уылдырығы, 5 келі бекіре және 80 келі сазан табылды. ҚР ҚК-нің 339-бабы («Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментіне берілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 мамыр 2015, 17:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.