Атырау, 27 сәуір 03:13
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Жалған ақпарат таратқан блогер өмір бойына бас бостандығынан айырылды

1 525 просмотра

Image 0Біріккен Араб Әмірліктерінің федералды соты Катардың бес азаматын бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Оларға «Twitter» әлеуметтік желісінде билікке тіл тигізді деген айып тағылған.

Төрт блогер өмір бойына бас бостандығынан айырылса, біреуі он жылын темір тордың арғы жағында өткізеді. Нақтырақ айтқанда, олар корольдің отбасы жайында жалған ақпарат таратқан. Олардың әрбіріне 270 000 доллардан айыппұл салынды.


Катарлық азаматтардың төртеуіне сырттай үкім шығарылды, тек біреуі ғана сотқа қатысқан. Яғни, он жылға абақтыға жабылған Хамад әл-Хаммади есімді азамат қана сотта болған. Жазасын өтеп шыққан соң оны елден қуады.

Дереккөз: bnews.kz


22 мамыр 2015, 09:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.