Атырау, 27 сәуір 07:29
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

«Куәгер Ғилымов Әлиевтің қысымы жайлы айтты». «Назарбаевтың үздіксіз президенттігіне 25 жыл толды». «Жасарал Қуанышалин: “Ақордаға барғыштарды" түгел білемін». «Мұғалімдердің мүшкіл хәлі немесе оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?».

2 133 просмотра

AZATTYQ. ORG «Куәгер Ғилымов Әлиевтің қысымы жайлы айтты» - 23 сәуірде Вена соты алматылық екі банкирді қастандықпен өлтіру ісі бойынша негізгі куәгер Әбілмәжін Ғилымовтың жауабын тыңдауды жалғастырды.

«Назарбаевтың үздіксіз президенттігіне 25 жыл толды» - 25 жыл бұрын, 1990 жылы сәуірдің 24-і Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ ССР-інің президенті болып сайланды. Бірақ, Қазақстанда тұңғыш президент күні ретінде 1991 жылдың 1 желтоқсаны аталады.

«Чулпан Хаматова: Худойназаров кинода өз қолтаңбасымен қалды» - Азаттықтың Тәжік қызметіне Мәскеу қаласынан берген сұхбатында Чулпан Хаматова режиссерді әлемдік даңққа бөлеген фильмнің қалай түсірілгенін еске алды.

ULT.KZ «Жасарал Қуанышалин: “Ақордаға барғыштарды" түгел білемін» - Ұлт.кз порталында жарияланған «Кажыгелдин келе жатыр» атты мақала тек сайт бетінде ғана емес, әлеуметтік желілерде де үлкен резонанс, қызу пікірталас тудырды.

«Ақша — тағы да ақша…» - Аты-шулы әйгілі банктің салымшылары депозитке салған ақшаларының бес миллион теңгесін ғана ала алады.

«Мұғалімдердің мүшкіл хәлі немесе оларды биліктің қолбаласы болудан қалай құтқарамыз?» - Бәріңізге аян, бұрын «мұғалім болуды армандайтын» ұрпақ болды, келе-келе «мұғалім болсаң жұмыссыз қалмайсың» деген пікір орнықты, қазіргі қоғамда «ұстаздық ең машақатты, көнбіс, жалтақ, ақшасы да аз, қадірсіз мамандықтың біріне» айналып барады.

AIKYN.KZ «Бұл бағдарлама несие төлеу шарттарын жеңілдетеді» - Қазақстан Ұлттық банкі ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының шарттарын жариялады. Ұлттық банк Басқарма төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов осы бағдарламаның анық-қанығын газетімізге берген сұхбатында айтып берді.

24 сәуір 2015, 11:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.