Атырау, 27 сәуір 01:49
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Сауд Арабиясында намаз оқымайтындарға үйленуге тыйым салынды

2 351 просмотра

Image 0Сауд Арабиясында қалыңдық немесе күйеу жігіт намаз оқымайтын болса, олардың бас қосып, тұрмыс құруына тыйым салынды. Бұл жайында Arab News ақпарат көзі аталмыш тыйым турасында жарлық шығарған елдің әлеуметтік істер министрлігіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.

Сондай-ақ, аталмыш министрлік шаңырақ көтергісі келетін адамға өмірлік серігін тауып беруге септесетін ұйымдарға да олардың намаз оқитынын немесе оқымайтынын анықтауға тапсырма берді. Ал ондай ұйымдар өз кезегінде өздеріне үйленіп, үй болғысы келетіні жөнінде өтініш айта келген адамның намаз оқитынын немесе оқымайтынын имамдардан сұрап білетін болады. Өйткені, имам өз жамағатын біледі. Әлеуметтік істер министрінің орынбасары Мұхаммед әл-Заһрани үйленгісі келетін адамның көршілері мен таныстарынан, дос-жарандарынан оның намаз оқитынын немесе оқымайтынын анықтап білудің де артықтығы жоқ деген ді алға тартып отыр. Неке қиятын агенттіктерге де бұл жауапкершілік жүктеліп отыр. Яғни, олар да алдарына неке қидыруға келгендердің намазы бар-жоғын білуі тиіс.

Айта кетейік, елде неке қиятын 21 агенттік бар. Олардың бәрі қайырымдылық негізінде жұмыс істейді, деп жазады muftyat.kz.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 сәуір 2015, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.