Атырау, 26 сәуір 16:36
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Cарапшы: Қазақстан банктері 35 пайыздық девальвацияға дайын емес». «Әлнұр Мұсаев Венадағы сотта кінәсіз екенін айтты». «Ресей Түркіменстанды неліктен қорқытады?». «АЭС: Ресейдің көздегені не?». «Путиннің “пайымдары"».

2 024 просмотра

ALASHAINASY.KZ «Cарапшы: Қазақстан банктері 35 пайыздық девальвацияға дайын емес» - Кеше Ресейдің «Жоғары экономика мектебі» ұлттық-зерттеу университетінің «Даму орталығының» сарапшылары «Қазақстанда 35 пайыздық девальвация болған жағдайда бұған қазақстандық банктер шыдас бере алмайды» деп мәлім етті.

«Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батыр қалалар» - Ұлы Отан соғысы жылдары фашистермен шайқаста ерлік көрсетіп, «Батыр қала» атанған кеңестік қалалар аз болмады.

«Ресейдің сақтық қоры орталанды, ал мұның салқыны бізге тие ме?» - Ресейдің қаржы министрлігі 2015-2016 жылдар аралығында елдің сақтық қоры он есеге дейін азаятынын мәлім етті.

AZATTYQ. ORG «Әлнұр Мұсаев Венадағы сотта кінәсіз екенін айтты» - Сәрсенбі күні Вена сотында ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, "екі банкирді қастандықпен өлтіруге қатысы бар" деп айыпталған Әлнұр Мұсаев іске қатысты негізгі сұрақтарға жауап берді.

«Ресей Түркіменстанды неліктен қорқытады?» - Ресей шенеуніктері мен баспасөзі "Орталық Азия елдеріне Ауғанстаннан әсіредіншіл содырлар кіріп, халифат орнатуы мүмкін" деген сөздерді соңғы кезде жиі айтады.

«Пәкістанда “үшінші жыныс" өкілдері жәбір көріп келеді» - Соңғы жылдары азаматтар құқықтарын қорғау жолында жеткен жетістіктеріне қарамастан, Пәкістанда транссексуалдар әлі күнге дейін зорлық-зомбылық көріп келеді.

«Өзара тыйымдар “сауда соғысы" жайлы сөзге түрткі болды» - Қазақстандық кейбір сарапшылар Астана мен Мәскеудің кейбір тауарларға тыйым салуын сауда соғысы нышанына баласа, енді біреулері оны еуразиялық интеграцияның «аралық ахуалының» салдары деп түсіндіреді.

«ИМ сапында болған тәжік содырлардан түңілді» - «Балаларды, әйелдерді, бәрін де аямай өлтіре беріңдер». Осы сөзді естіген Тәжікстан азаматы содырлардан түңіліп, Түркиядан еліне қайтқан. Ол заң орындарына өз еркімен берілген.

ABAI.KZ. «АЭС: Ресейдің көздегені не?» - Астанадаашылған «Kazatomexpo», «Power Astana», «MachExpo Kazakhstan» және «NDT Kazakhstan 2015» атты көрмелер жиыны барысында Ресей Федерациясының атомөнеркәсіп саласының Қазақстандағы өкілі В.Рябов: «Көптеген адамдарда атом стансасы деген сөзден үрейленеді.

ULT.KZ «Путиннің “пайымдары"» - Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин туралы әңгіме көп – ондай әңгімелердің саясаткерлер арасында айтылатыны әртүрлі болса, қараша халық арасында айтылатыны мүлде басқаша әлбетте.

«Тоқтар Әубәкіров: Оппозицияда жүрген азаматтар бірін-бірі итеріп Ақордаға баратын» - 12-ші сәуір Ғарышкерлер күнін атап өттік. Бұл Сіздің төл мерекеңіз. Қалай атап өтесіз? Бұл күні қандай сезімде боласыз?


16 сәуір 2015, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.