Атырау, 26 сәуір 21:58
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

​Үздік дене тәрбиесі мұғалімі - Алтын Ғабитова

4 390 просмотра

Image 0Дене тәрбиесін дамыту орталығының қолдауымен Атырау қаласындағы №2 мектепте облыстық «Үздік дене тәрбиесі мұғалімі» байқауы өтті.

Байқау бағдарламасында «мастер-педагог» (үміткерлердің өзін таныстыруы), «заманауи сабақ» - инновацияларды қолдана отырып сабақ өткізу, «авторлық бағдарлама» (жаңа идеялармен таныстыру) номинациялары болды. Махамбет ауданы Талдыкөл орта мектебінің педагогы Алтын ҒАБИТОВА (суретте) үздік атанды, 2-нші және 3-інші орындарды сәйкесінше Атырау қаласы Еркінқала ауылдық округінің орта мектебі оқытушысы Айбек ТІЛЕУМҰХАНОВ пен Қызылқоға ауданы Тасшағыл ауылы мектебінің мұғалімі Жанғабыл БЕРДЕШЕВ алды. А.Ғабитова мамыр айында Көкшетауда өтетін республикалық байқауда облыс намысын қорғау құқығына ие болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті Дене тәрбиесін дамыту орталығы ұсынды

16 сәуір 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.