Атырау, 27 сәуір 00:18
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Шаштараз әрі аз-мұз психолог

3 534 просмотра

Image 0Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау бөлімшесінде халықты жұмыспен қамту проблемасына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Өңірде ресми түрде 3 500жұмыссыз тіркелген. 2011 жылдан бастап, «Жұмыспен қамту жол картасы - 2020» шеңберінде 13 млрд теңге бөлінген, бағдарламаға 18 мыңнан астам адам қатысты. Өткен жылы облыс бағдарлама бойынша 4 млрд теңге алды, 16 743 адам жұмысқа орналасты. Үнемдеу режиміне байланысты бағдарламаны жауып тастайды деген ақпарат болды, алайда ақпан айында бағдарламаның аз бюджетпен жалғасатыны белгілі болды. Атырау облысы биыл 1 млрд 13 млн теңге алады. Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты бойынша жұмыссыздарды инфрақұрылымдар мен ТКШ нысандарында жұмысқа орналастыру жоспарланып отыр. Екінші бағыт – ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау үшін шағын несиелер беру. 2015 жылы республикалық бюджеттен 163 шағын несие беру жоспарланып отыр, оған қоса өткен жылдар үшін қайтарылған қаржылардан қарыздар беріледі.

Биыл жаңа нысандар салу, жолдарды жайластыру, агробизнес және басқа жобалар есебінен 16 мыңнан астам адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз, - деп хабарлады жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Клара МҰҚАШКЕРЕЕВА. – Үкімет тапсырмасымен қазір жұмыс берушілермен, кәсіподақ комитеттерімен және әкімдікпен үшжақты келісімшарттар жасалуда. Бүгінде осындай 2 267 меморандум жасалды, әңгіме 113 мың жұмысшының еңбек құқықтарын қорғау туралы болып отыр. Жыл басынан бері жұмыс берушілер қысқартпақ болған 119 адамды өз орындарында қалдыру мүмкін болды. Оларды басқа позицияға, толық емес жұмыс күніне ауыстырды...

Атырау облыстық кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер одағының төрағасы Әлия БЕКҚОЖИЕВАНЫҢ пікірінше, колледждерде даяр мамандарды дайындап шығаруға мүмкіндік беретін дуалды жүйе пайдасына білім беру жүйесін қайта қарау қажет:

Әйтпесе балалардың қолдарында дипломдары бар, ал іс жүзінде мамандықтары жоқ. Қандай жолмен болса да диплом алу тәжірибесінен бас тарту керек. Менде шаштараздардың жартысы психолог білімін алғандар. Сонда олар білім алу үшін соншама ақшаны не үшін жұмсаған?

Атырау қаласындағы Жұмыспен қамту орталығының директоры Гүлнәр ҚҰСПАНОВАНЫҢ айтуынша, Орталық жұмысындағы ең сұранысқа ие бағыттардың бірі – шағын бизнес субъектілерін шағын несиелеу, мұнда қарыздың 50 пайызы ауыл бизнесін дамытуға жұмсалады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

14 сәуір 2015, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.