Атырау, 27 сәуір 00:37
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

​Сапалы тамақ – денсаулық кепілі

8 739 просмотра


Image 0Әлия БЕКЕШЕВАХалықаралық ХАССП жүйесі – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа стандарттары туралы Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қызметкерлерінің осы салада жұмыс істейтін жергілікті кәсіпкерлермен кездесуінде талқыланды.

ХАССП (HASSP) – бұл «қауіпті факторларды талдау және бақылаудың сындарлы нүктелерінің жүйесі» («Hazard Analysis and Critical Control Points»). Дүние жүзі бойынша қолданыста және бүгінгі күні АҚШ, Жапония, еуропалық елдердің көпшілігі үшін міндетті болып табылады. Бұл бөлке мен крендель пісіруден бейхабар қарапайым адамдар үшін және де жеке өз басым үшін ерекше тақырып. Кездесуді ұйымдастырушылар дайындаған ақпаратты бюллетеньде айтылғандай, «ХАССП ғылыми негізделген алдын алу тәсілін қолдана отырып, қауіпті факторларды анықтау және тиісті бақылау жасау арқылы қауіпсіз өнім өндірісін қамтамасыз етеді және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін негізгі жауапкершілікті өндірушіге жүктейді». Күрделі болып естілгенімен, ол бізге қажет – ДСҰ шеңберінде бұл азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған міндетті санитарлық шаралардың бірі.

ХАССП жүйесі– Кеден одағының «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінің міндетті талабы, - дейді балалардың білім беру және тамақтану нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы Әлия БЕКЕШЕВА.

Бұл талап 2013 жылдың шілдесінде заңдастырылған, содан бері біз түсіндірме және оқыту жұмыстарын жүргізіп келеміз. Ол сапаны «толассыз» бақылауды білдіретін жүйелі тәсілмен негізделеді. Бұл шикізат та, өндірістік цикл де, аралық фаза да, дайын өнім де бақылауға жатады дегенді білдіреді. Нормативтік көрсеткіштен ауытқу орын алған жерде шұғыл әрекет етуге мүмкіндік береді.

Азық-түлік өнімдерін өндірушілер ХАССП принциптеріне негізделген процедураларды жасақтап, енгізіп және қолдауы тиіс. Мұнда әр кәсіпорын үшін процедура бағдарламасы жеке-дара, өйткені екі бірдей цех болмайды. Басшы ХАССП жүйесі бойынша жеткілікті мөлшерде білімді болуы және оны өз қызметкерлеріне оқытуы тиіс.

Қалай оқытады?

2013 жылдың шілдесінде бұл талап Қазақстан Кеден одағына кіру аясында ратификацияланғаннан бері Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің, ұлттық экономика министрлігінің, тіпті Дүниежүзілік банк секілді мемлекетаралық институттардың қолдауымен жаппай түрлі оқу тренингтері мен семинарлар өткізіліп тұрады, - дейді Ә. Бекешева. – Сертификатты ақылы негізде консалтингтік компаниялардан да оқып алуға болады.

Кондитерлік цехтардың біріндегі өндіріс менеджері Елена ТАЖИНА қазіргі шараға дейін көп уақыт бұрын ХАССП бойынша бірінші оқу курсынан өтіпті. Ол оқуға 30 мың теңгесін жұмсаған.

Бірақ тек бір курс қана өту аздық етеді. Стандарттар көп, әрқайсысы жеке курспен оқытылады. Мен әрбір үш жыл сайын оқып тұрамын, - дейді Е.Тажиева.

Бұл сізге не берді?

Келісімшарттар. Соңғы жылдары тапсырыс беруші компаниялар міндетті түрде кәсіпорында ХАССП жүйесінің бар болуын міндетті түрде талап ететін болған.

Мен өзім оқыдым, кейінірек өзімнің бүкіл персоналымды оқыттым.

Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті әзірге осы талапты енгізуге міндеттеп отырған жоқ. Өйткені оған жетекшілік ететін ұлттық экономика министрлігі әзірге уақытын атамады, алайда комитеттегілер уақыт өте келе ХАССП-ның әрбір азық-түлік кәсіпорнында нормаға айналатындығына сенімді.

Бұл реформа азық-түлік өнеркәсібінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бүгінгі күні Атырауда NCOC, ТШО, ҚМГ, Қазстрансойл және т.б. секілді тапсырыс берушілерге қызмет көрсететін ірі кейтерингтік (көшпелі асүй) компаниялардың барлығы ХАССП жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бұл шарт – таңдау критерийлерінің бірі, өйткені ХАССП – сапаға кепілдік береді және сенімнің салмақты факторларының бірі, - деді Ә. Бекешева.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

14 сәуір 2015, 13:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.