Атырау, 27 сәуір 01:34
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Наурыз туралы бейнебаян

2 321 просмотра

 

Атырау тұрғындары Наурыз меркесіне орай елімізге бейнебаян сыйлады.

Ұлыстың ұлы күні - Наурызға арналған шағын фильм екі күнде түсіріліп, тағы екі күн өңдеуге кетті.

- 21 наурызда күні бойы жаңбыр жауды, алайда бұл мерекелік көңіл-күйді бұзбады. Ал 22 наурызда, тапсырыс бергендей, күн де ашылды. Біз бұл бейнебаянда Наурыздың бар жылуын, салт-дәстүрімізді көрсеткіміз келді,- дейді фильм авторларының бірі, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы Атырау өкілдігінің жетекшісі Нұржан ӨТЕПБАЕВ.

Бейнебаян идеясы Бекболат НАРЫҚОВТІКІ, ал өзі New Look студиясында жасалды. Бұл бейнебаян бір күн ішінде Facebook әлеуметтік желісінде бес мыңнан аса қаралып, кейбір комментаторлар «байқамай түсіп қалғандарын» айтып, қуана хабарлауда.

Бейне баянда бәрі бар: киіз үй құру үдерісі, ұлттық ойындар, әндер, билер, спорттық жарыстар және әдемі қыздардың суреттері – оларсыз болмайды ғой! Қала үстінен төнген қалың бұлттар да көріністі бұзған жоқ, керісінше, әдемі әсер беріп тұр. Қалай дегенде де, Атырау - әсем қала!

Зульфия ИСКАЛИЕВА

27 наурыз 2015, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.