Атырау, 27 сәуір 09:48
 ашықВ Атырау +27
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Б.Ізмұхамбетов: «Үйлер салынып тасталды, енді кеш!»

3 014 просмотра

Ақпан айында облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ заңсыз деп мәлімдеген Нұрсая-3 ықшамауданындағы жер телімдері Ұрыс алаңы - әуежай маңындағы жер») ол қолдау көрсетсе заңды болатынға ұқсайды. Қалай дегенмен де, оның бұл ахуалға көзқарасы өзгерген болса керек - әкімдікте таяуда өткен кеңесте ол «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ төрағасы Есбол КЕРЕЙГЕ «шешімді қайта қарау керектігін» баса айтты.

 

БҰЛ НЕ ҚЫЛҒАН КОМИССИЯ?

Журналистерді кіргізбеген облыстық әкімдіктегі кеңес алдында әкім даулы жер иелігіне барып келген еді. Ол жерде салынған үйлердің санына қайран қалып, мұншалықты көп үйді көрем деп күтпегенін мойындады. Содан соң осы іске қатысты тараптардың барлығы қатысқан кеңес ұйымдастыруға тапсырма берді.

Оған құрылыс салушылар тобы, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ, облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА, Атырау қаласының әкіміНұрлыбек ОЖАЕВ, облыс прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ, «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ төрағасы Есбол КЕРЕЙ, көлік прокуратурасының, қалалық жер қатынастары бөлімінің, заң бөлімінің, «Қазаэронавигация» РМК және т.б. өкілдері қатысты.

Б. Ізмұхамбетов әуежай өкілдерінен теріс қорытынды жасауға негіз болған заң нормаларын атауды өтінді. Олар «Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» ҚР Заңының 90-бабына Ұшу қауiпсiздiгiне қатер төндiруі мүмкiн қызмет»)сілтеме жасады. Әуежай өкілдері «рұқсат беруге құзырлы еместіктерін, тек ұсыныс сипатындағы қорытындыны әзірлейтіндіктерін» мәлімдеді.

Алайда бір қызығы, Азаматтық авиация комитетінің рұқсаты осы ұсыныстың негізінде беріледі және осы мәселе бойынша ұзақ хат алысу барысында екі тарап – Комитет пен әуежай үнемі бір-біріне бас изеп, жауапкершілік пен оған байланысты проблемаларды бір-біріне аудара салуға тырысады.

Құрылыс салушылар әу бастан-ақ толыққанды емес комиссияның қолы қойылған әуежай қорытындысының заңдылығына дауласқан болатын. Комиссия құрамында жергілікті билік өкілдері болмаған. Бірақ бұл факторға әуежай елең етпеді. Әкім осы тақырыпқа оралды:

- Сіз комиссияның толық емес және заңсыз екенін түсінесіз бе? Заң бойынша ол жерге жергілікті атқарушы биліктің өкілдері қатысуы тиіс. Сіздер сол жерге қол қойдыңыздар, ал онда атқарушы органдар болды ма?

Әуежай өкілдері атаған мемлекеттік құрылыс, бақылау және лицензиялау департаментін ол құзырлы емес деп атады.

- Бұл орган жергілікті атқарушы орган емес. Қалалық әкімдік, жер бөлімі, сәулет бөлімі атқарушы орган болып табылады. Олар қайда? Оларды неге тартпағансыздар? Сіздің комиссияңыз заңсыз!

 

«БҰЛ БІЗДІҢ ХАЛҚЫМЫЗ»

Әкім тіпті Е.Керейге өтеу келешегін де суреттеп берді:

- Егер сіз жеке тұрғын үй құрылысын салуға тыйым салсаңыз, неліктен сол ауданнан мейманхана, бизнес-орталық, басқа да коммерциялық нысандар салуға тыйым салмайсыздар? Егер үйлерді күрейтін болсақ, бүкіл қонақ үйлер мен бизнес орталықтарын да күрейік. Зиянды кім өтейді? Жартысын сіздер, жартысын қалалық әкімдік төлейтін болады. Кезінде «шпана» осы телімдерді берді, енді олардың барлығы қамауда отыр. Енді бұл үйлерді күресек, сіздерді заңсыз қорытынды жасағандарыңыз үшін соттайды. Сосын сіздер түрмеге түсесіздер. 22 адам сотталды, бұл тізім сіздермен толығады. Бұл салмақты іс. Құрылыс салушылар сіздерді сотқа береді. Үйлердің салынып тасталғанын, енді кеш екенін сіздер түсінбей отырсыздар! Бұл біздің халқымыз, сіздердің отандастарыңыз, бәріңіз бір қаладансыздар, неге бір-біріңізге осылай жасайсыздар? Шынымды айтсам, мен мұндайды еш жерден көрген жоқпын. Нұрсая-3 ауданының сол жақ бөлігіне рұқсатты қалай бергенсіздер?!

Біздің газетіміз әуежай әкімшілігінің жүйесіздігін жазған болатын: бірнеше жыл бұрын олар сол ықшамаудандағы телімдердің бір топ қожайынына оң қорытынды берген еді. Ал бүйірінде жеке тұрғын үйлердің салынып жатқанына ұзақ уақыт бойына көз жұмып келді. Бірақ көлік прокуратурасының тексерісінен кейін кенеттен кейіп таныта қалып, Нұрсая-3-ке құрылыс салуға рұқсат беруден бас тарта қалды. Бұл туралы Ізмұхамбетов естеріне салды:

- Телімдер 2011 жылы берілді, екі қабатты үйлер бір аптаның не бір айдың ішінде салынған жоқ. Бұл кішкентай нысан емес, оны байқамау мүмкін емес. Сіздер қайда болдыңыздар? Неліктен сол кезде дабыл қақпадыңыздар? Неге сол кезде құрылыс салуға тыйым салмадыңыздар? Алғашқы үйлер 2012 жылы салынды. Осында Атырауға алғаш келген кезде өз көзіммен көрдім.

Сөз соңында әкім кеңеске қатысушыларға осы мәселелерді талдап, оларға қайтадан ресми баға беруге тапсырма берді. Содан соң қайтадан Керейге қарап:

- Есбол, бұл мәселені шешіңіздер. Шешімдеріңізді қайта қараңыздар. Бұл баланың ойыны емес қой. Сіздерге баса айтып отырмын.

Сең қозғалған секілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

20 наурыз 2015, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.