Атырау, 26 сәуір 17:03
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Жазбаша келісімшарт міндетті емес

2 142 просмотра

 

Әкем қайтыс болғаннан кейін пәтерді өз атыма рәсімдедім. ПИК-ке хабарласып, келісімшартты да менің атыма қайта рәсімдеуді өтіндім. Ол жердегілер пәтер құжаттарын сұратып, мен қажетті құжаттардың барлығын ұсындым. Ал бір айдан кейін ПИК-тің тұрғындармен келісімшарт жасамайтындығын, менің өзім келісімшарт жасай алатынымды, олар оған қол қоятындығын мәлімдеп, таң қалдырды. Сонда ПИК тұрғындардан қандай негізде ақша алады? Бұл ПИК-те, тіпті, әрбір ПИК-те болуы тиіс кезекші мастер де жоқ.

Телефон арқылы

Сұраққа Атырау қалалық ПИК қауымдастығының төрайымы Гүлнәр САЛИХОВА жауап берді:

– Оқырманға пәтері тиесілі ПИК біздің қауымдастықтың құрамына кірмейді. Біз әрбір меншік иесімен тараптардың құқықтары мен міндеттері, тариф, кооператив көрсететін қызметтер және т.б. жазылатын келісімшарт жасау қажет деген ережені ұстанамыз. Егер пәтер иесі ПИК қызметін дер кезінде төлемесе, бұл келісімшарт тараптардың келісімшарт міндеттемелерін растайтын сөзсіз құжат болып табылады. Кешкі кезекшіге келер болсақ, кез келген ПИК-тің бюджеті қажетті қызметкерлердің штатын ұстауға мүмкіндік бермейді. Алайда жылыту маусымы кезінде бүкіл ПИК тәулік бойына ахуалды бақылауға алуы тиіс. Өйткені, қысқы уақытта жылыту жүйесіндегі қысым сыртқы температураға байланысты болуы тиіс. Ескі тұрбалар мен батареялар мұндай іркілістерге төзбеуі мүмкін.

Осыған байланысты жылыту маусымы кезінде ПИК міндетті түрде кезекшінің міндетін өз мамандарына жүктеуі тиіс. Олар ПИК ғимаратында да, үйде де кезекшілік ете алады, ең бастысы ПИК тұрғындары оларға кез келген тәулік мерзімінде қоңырау шала алатын мүмкіндікке ие болуы керек.

Бұл сұраққа адвокат Гүлсім САБЫРОВА комментарий берді:

– ПИК пен пәтердің меншік иелері арасындағы қарым-қатынас жария шарт қарым-қатынасы болып табылады. Сондықтан бұл жағдайда жазбаша келісімшарт міндетті емес.

12 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.