Атырау, 27 сәуір 02:20
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Қауіпті көршілестік

2 002 просмотра

– Жұмыскерде балабақшаны жолдың қақ ортасына салып қойған, көбінесе балалар қақпадан шыға салып, көлік жолына жүгіреді. Ал жақын маңда жол кедергілері жоқ. Балабақшадағы ойын алаңы да тар. Жалпы Жұмыскер-1 поселкесінде жол жоқ. Балалар мектепке балшық кешіп баруға мәжбүр.

Әсем Төлегенова

Сұраққа Атырау қаласы әкімі Нұрлыбек Ожаев жауап берді:

– Балабақша алдындағы жолға жасанды кедергілерді орнату туралы сіздің өтінішіңізді осы мәселені шешуге құзырлы органдармен біріге отырып, қарастырамыз. Жолдарға келер болсақ, «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» ҚР заңының 60-бабының 1-тармағына сәйкес, нысандардың және олардың кешендерінің құрылысы заңда бекітілген талаптар тәртібімен (әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалар бойынша) жүзеге асырылады. Жұмыскер-1 поселкесіндегі жолдарды асфальттау мәселесі бойынша ЖСҚ әзір екенін, жұмыстар бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін басталатындығын хабарлаймыз.

5 наурыз 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.