Атырау, 27 сәуір 00:55
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Түзету

2 912 просмотра

2015 жылғы 16 ақпанда «Ақ жайық» газеті сайтында тілші тарапынан қате жіберілген «Аса қатігездікпен адам өлтіргені үшін 15 жыл жаза алды» мақаласы жарық көрген болатын.

Кісі өлтіру оқиғасы 2014 жылдың 2 мамырында емес, 2 маусымында болған. Сонымен қатар, мақалада сотталушы мен зардап шегуші бірге ішімдік ішіп, марихуана шеккен деп жазылған. Алайда сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша қайтыс болған адамның қанынан алкоголь мен есірткі заттардың ізі табылмаған. Сотталушы өз құрбанын баратын жеріне дейін жеткіземін деп алдап, көлігіне отырғызған. Содан кейін ол оны көлігінен түсіріп, пышақпен, арматура сынығымен және қайыршақ таспен аяусыз ұрып, 119 дене жарақатын салады. 

Сондай-ақ, мақалада кісі өлтіру себептерінің бірі ретінде қайтыс болған адамның сотталушыға 100 мың теңге қарыз болғаны көрсетіледі. Алайда бұл фактіні тергеу органдары да, сот та дәлелдеген жоқ.

Осыған байланысты редакция қаза болған адамның ата-анасы мен туғандарынан кешірім сұрайды.

4 наурыз 2015, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.

Комментарий беру ажыратылған