Атырау, 27 сәуір 06:01
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

"Астана" ФК Қазақстан Суперкубогы иегері атанды

1 363 просмотра

"Астана" футбол клубы пенальтилер сериясында алматылық "Қайратты" жеңіп, Қазақстан Суперкубогының иегері атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Астана Арена" стадионында өткен кездесудің негізгі ойыны 0:0 есебімен аяқталған еді. Дегенмен порталдың мәліметінше, бірінші таймның соңында "Қайрат" командасының, ал екінші таймда "Астананың" есеп ашуына бірнеше мүмкіндік болды, бірақ қарсыластың қақпасына бағытталған соққы мүлт кетіп жатты. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Екі қосымша таймда да жеңімпаздар анықталған жоқ, есесіне пенальтилер сериясында астаналық команда ойыншылары мүмкіндікті қалт жібермеді. Есеп - 3:2. "Астана" құрамында Марин Аничич, Рохер Каньяс пен Абзал Бейсебеков, ал "Қайрат" құрамында Сито Риера мен Тимур Родосельский гол сала алды. 

Сөйтіп, "Астана" ФК Қазақстан Суперкубогының иегері атанды. Айта кетейік, Қазақстандағы футбол маусымын ашқан матчты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалап, жеңімпаз команданы құттықтады, оларға Суперкубокты табыс етті. 

Дереккөз: tengrinews.kz

2 наурыз 2015, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.