Атырау, 27 сәуір 00:40
 ашықВ Атырау +25
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

СПИД: менеджерлер, медиктер және басқалар

1 655 просмотра

Облыстық Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында ВИЧ/СПИД тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Қазақстанда бүгінде 22 109 науқас тіркелген, ал, Атырау облысында – 131.

- 2013 жылы біз ВИЧ жұқтырған 26 адамды, 2014 жылы 16 адамды, соның ішінде, облыс орталығында, Жылыой, Құрманғазы және Махамбет аудандарында анықтадық, - дейді Атырау ВИЧ/СПИД-тің алдын алу және күрес орталығының алдын алу бөлімінің меңгерушісі Маржан ИСБЕРГЕНОВА.     

Алайда цифрлардың азаюы дәрігерлерді қуантып отырған жоқ, қайта алаңдатып отыр: бұл жерде мәселе сырқаттылықты анықтаудың азайғандығынан болуы мүмкін. Өйткені, бұрын тіркелген сырқаттардың интимдік байланыстағы және ауру жұқтыруы мүмкін адамдары болған.

Дәрігерлердің мазалануына тағы бір себеп – жыныстық жолмен жұқтырған адамдар санының көбеюі. Бұрын ВИЧ тек тамыр арқылы ине салатын нашақорларға жұғатын. Бүгінде нашақорлар арасында сырқат 38 пайызға азайған болса, Қазақстанның өз тенденциясы бар. Бізде 2012 жылдан бастап жыныстық жолмен жұқтыру саны көбейіп отыр. Айта кетерлігі, жасы келген адамдар жиі жұқтырады. Атырау облысында өткен жылы 50 жастан асқан ВИЧ жұқтырғандар анықталды.

- Өкінішке орай, медиктердің өздері де жұмыс жасау кезінде сақтық шараларын сақтай бермейді. Байқамай шприц шаншып алып, жарақат алуы мүмкін. Өткен жылы анықталған ВИЧ жұқтырушылар арасында төрт медицина қызметкері болды, - дейді М. Исбергенова.

Сырқаттың анадан балаға берілуіне келер болсақ, бізде мұндай жағдай анықталған жоқ.

Инфекция туралы дәрігерлер ВИЧ тәуекел тобының (нашақор-лардың, жезөкшелердің, бомждар-дың және т.б.) еншісіндегі індет болудан қалған деген ойға келеді. Ол «кәдімгі» адамдардан – қызметшілерден, компаниялар қызметкерлерінен де жиі анықталып жатады. Терапияны неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым пациентте өмір деңгейін сақтау, яғни, қалыпты өмір сүру, жұмыс істеу мүмкіндігі болады. Біздің елімізде ВИЧ-инфекцияның арнайы терапиясын тек қазақстандықтар алады. Шетелдіктерді республикадан шығарып жібереді. Алыс шетелден келген қонақтармен қиындық жоқ. Олардың өздері де емделу қажет екендігін түсініп, отандарына асығады. Ал, өзбекстандық «түнгі көбелектермен» жағдай қиындау – төлқұжаттарын ауыстырып, олар Қазақстанға қайта келеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Суретті түсірген автор

26 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.