Атырау, 26 сәуір 16:15
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ағайынды жігіттер әкелі-балалы тұрғындарды алыс қыстақта құлдықта ұстаған - БҚО

1 778 просмотра

БҚО ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері биылғы ақпанда Бөкей ордасы ауданындағы әріптестерімен бірлесе отырып, екі ер адамды заңсыз ұстап, еңбекке жегу фактісін анықтады.

Департаменттің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ағайынды екі жігіт өткен жылғы желтоқсанда 64 жасар ер адам мен оның отыз жасар ұлын Бөкей ордасы ауданындағы алыс қыстаққа алып кетіп, екі ай бойы шаруашылықта жұмыс жасауға мәжбүрлеген. Жәбірленушілердің сөзіне қарағанда, қыстақ аудан орталығынан қашық орналасқандықтан, қашып кетулеріне мүмкіндік тумаған әрі үнемі бақылауда болған. Оларды полиция қызметкерлері ғана құтқарды.

Осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 126-бабы 3-бөлімі 2-тармағы (пайдалану мақсатымен заңсыз бас бостандығынан айыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жәбірленушілерге сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, заңсыз бас бостандығынан айыру ерекше қауіпті қылмысқа жатады, сондықтан онымен ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері айналысады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

25 ақпан 2015, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.