Атырау, 26 сәуір 22:49
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Артық құжатсыз

2 061 просмотра

 

- Жақында мен шағын ЖКО жасадым – біреудің машинасын соқтым. Қалалық жол полициясы хаттама толтырғаннан кейін өз сақтандыру фирмама хабарластым. Сол жерде менен әкімшілік құқықбұзушылық туралы істің көшірмесін, нақтылап айтсам, ЖКО сызбасын, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемесі және т.б. көшірмелерін әкелуімді талап етті. Мен полицияға барып, көшірмелерді алдым, содан кейін маған бұлай жасауға міндетті емессіз деп айтты. Сақтандыру компаниясының талаптары дұрыс па?

azh.kz сайтынан

Сұраққа Ұлттық банк АФ-ның қаржылық ұйымдарды бақылау және қаржылық қызметті тұтынушылар құқығын қорғау бөлімінің бастығы Асыланбек ҚАБЕСОВ жауап береді:

- Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ, жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келiсiм-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.

ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңының (әрі қарай – заң) 25-бабы 1 тармағына сәйкес, Сақтандырушыға сақтандыру төлемi туралы талапты сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға пайда алушының тұрғылықты жерін, байланыс телефондарын, банктік деректемелерін (қажет болғанда), сақтандыру төлемін қолма-қол ақшамен не банктік шотқа аударым жасау арқылы сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті заңның 25-бабы 2-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса тіркей отырып, алу тәртібін көрсетіп, жазбаша нысанда қояды.

Заңның 25-бабы 2-тармағы 2-тармақшасына сәйкес, сақтандыру төлемi туралы өтiнiшке сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжат тіркеледі. Сақтандыру жағдайының басталу фактісін растайтын құжат жол-көлік оқиғасына кінәлінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін тану туралы заңды күшіне енген сот қаулысы болып табылады. Сот актісіндегі сәйкесінше анықтау негізінде белгіленген қорытындылар жоғары тұрған сот инстанцияларына істі кері қарауға жіберген жағдайлардан басқа қосымша дәлелдеуді қажет етпейді.

Сұрақтан және сот органдарының ақпараттарынан көргеніміздей, қазіргі уақытта сақтандыру ұйымдарының филиалдары сақтандырылушылардан (сақтандырылғандар немесе зардап шеккендерден) сот қаулысымен бірге әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс материалдарының – ЖКО сызбасы, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама, ЖКО қатысушыларының түсініктемесі және тағы басқалардың – көшірмесін сұрататын тәжірибе қалыптасты. Алайда, іс жүзінде көрсетілген қосымша құжаттар процессуалдық сипатта болады және соттың келесі жағдайларды анықтауы үшін дәлелдемелік мәнге ие: әкімшілік құқықбұзушылық оқиғасының бар болуы, жеке тұлғаның әкімшілік құқықбұзушылықтың жасалуына кінәлілігі, әкімшілік құқықбұзушылықтан болған шығынның сипаты мен мөлшері, жауапкершіліктен құтқаратын немесе жауапкершілікті жеңілдететін не ауырлататын жағдайлар.

Бұл құжаттар сақтандыру жағдайының болуын растайтын және сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жеткілікті құжаттар болып табылмайды. Сақтандырушылардың әкімшілік жаза салуға негіз болған құжаттарды сұратуы сақтандырушының заңның 25-бабы 2-тармағы 8-тармақшасында (Сақтандырушының сақтанушыдан (сақтандырылушыдан) не жәбiрлену-шiден басқа қосымша құжаттарды талап етуiне жол берiлмейдi) қаралған талаптарды сақтамағанын көрсетеді. Сақтандырушының мұндай әрекеттері дұрыс емес және заңның жоғарыда айтылған талаптарына қайшы болып табылады.

Егер, сақтандырушының пікірінше, сот қаулысы жеткіліксіз болса, сақтандыру ұйымы заңның 17-бабы 1-тармағы 2-тармақшасында қарастырылған тәртіппен өз бетінше тиiстi мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан, олардың құзыретiне орай, сақтандыру жағдайының басталу фактiсiн және жәбiрленушiлерге келтiрiлген зиянның мөлшерiн растайтын құжаттарды сұратуғақұқылы.

19 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.