Атырау, 26 сәуір 19:02
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ақша ма, жаза ма?

3 315 просмотра

– Менің туысым ақшаны ысырап қылғаны үшін 4 жылға сотталды. Ол бір жылдан аз уақыт отырды. Ал, жақында қонақтықта отырғанда жаңа Қылмыстық кодекс бойынша туысымның тиісті айыппұл төлеп, ертерек бостандыққа шыға алатындығын естідім. Осы рас па?

Телефон арқылы

Сұраққа «Слово защиты» адвокаттық кеңсесінің адвокаты Татьяна МОХНАЧЕВАкомментарий берді:

– Иә, шынымен де 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жаңа Қылмыстық кодекс күшіне енді. Онда «Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру не тағайындалған жаза мерзімін қысқарту» деген 73-бап бар. Ескі қылмыстық кодексте бұл 71-бап болатын және ол «Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру» деп аталды. Жазаның анағұрлым жеңіл түрі, мәселен, бостандығын шектеу, айыппұл болуы мүмкін.

Қылмыстық заңнаманың ескі редакциясынан айырмашылығы - қазіргі уақытта онша ауыр емес, ауырлығы орташа немесе ауыр қылмыс үшiн бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамға, ол қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген не жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзбаған жағдайда, сот жазаның қалған өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруы мүмкін. Бұл ретте адам, өмір бойына тағайындалған жазаларды қоспағанда, жазаның қосымша түрін (мәселен, мүлікті тәркілеу, белгілі бір лауазымда болу құқығынан айыру) өтеуден толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Бас бостандығын айыру жазасын анағұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру үшін тағы бір шарт - сотталған адам онша ауыр емес және ауырлығы орташа (5жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар санатындағы) қылмыс жасағаны үшiн жаза мерзiмiнiң кемінде төрттен бірін, ауыр қылмысы үшiн (12жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын қылмыстар санатындағы) жаза мерзiмiнiң үштен бірін іс жүзінде өтегеннен кейiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны айыппұлға қалай ауыстыруға болады деген сұраққа келер болсақ, сот жазаны ауыстыру ретінде бас бостандығынан айырылған төрткүн үшін бір АЕК есебімен айыппұлды таңдай алады (бірақ міндетті емес).

Жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру адамдардың қаза табуына әкеп соққан не аса ауыр қылмыс жасаумен ұштасқан террористік немесе экстремистік қылмыс, сондай-ақ, қылмыстық топтың құрамында жасалған қылмыс, жас балаларға жыныстық тиіспеушілікке қарсы жасалған қылмыс үшін сотталған адамдарға қатысты қолданылмайтындығын айта кеткен жөн.

Осылайша, сіздің туысыңызға сот егер ол іс жүзінде өзінің қылмыс санаты бойынша көрсетілген мерзімнен (1/4немесе 1/3бөлігі) көп өтеген болса, қылмыспен келтірілген залалды толық өтеген болса және бас бостандығынан айыру орындарында қасқөйлік әрекеттер жасамаған болса, бас бостандығынан айыру (бостандығын шектеу) түріндегі жазаны айыппұлға ауыстыруы мүмкін.

5 ақпан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.