Атырау, 26 сәуір 21:58
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Спорт жаңалықтары

2 860 просмотра

2015 жылғы маусымда «Атырау» футбол командасында украиндық ойыншы Владимир АРЖАНОВ өнер көрсетеді.  Бұл туралы ФК баспасөз хатшысы Нұркен МЫРЗАҒАЛИЕВ хабарлады.

Владимир 29 жаста. Украина чемпионатында «Металлург» (Запорожье), «Арсенал» (Киев), «Волынь» (Луцк) және «Черноморец» (Одесса) командалары үшін 219 матч өткізіп, 32 гол соққан. Артқы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды, көшбасшылық қасиеті бар, «Металлург» пен «Арсеналда» капитандық белгі таққан.

Суретті «Атырау» ФК ұсынды

***

 

«Атырау» футбол клубы 30 жастағы жартылай қорғаушы Руслан ЭСАТОВПЕН келісімшарт жасасты. 

Бұл туралы «Атырау» ФК баспасөз қызметі хабарлады.  Р.Эсатов – Тараз футболының шәкірті. Кәсіби мансабын 2004 жылы «Жамбыл» командасында бастап, кейіннен  «Тараз», «Каспий», «Асбест», «Лашын», «Қайсар» және «Жетісу» командаларында ойнады. Өткен маусымда «Жетісу» сапында 15 матч өткізіп, бір гол соққан. 

***

 

Талдықорғанда 2000-01 ж.т. жасөспірімдер арасында дзюдодан республикалық турнир өтті.

Командалық есепте Атырау қаласы құрамасы 1-орын алды. Құрама сапында  Дулат Аманқосов, Ермек Амангелді және Жәнібек Тельманов «алтын» иеленсе, Құралбек Саталиев «күміс» алды. Балаларды жаттықтырушылар Т.Мұқанов, Қ.Сүлейменов, Е.Шынтасов пен С.Нұралин дайындады.

***

 

Демалыс күндері Мұз сарайында «Бейбарыс» Өскеменнің «Торпедо» командасымен екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Бірінші кездесуде «мәмлүктер» ойын басталысымен толассыз шабуылға көшкен, алайда ойынның 7-минутында кездейсоқ гол жіберіп алды. Содан кейін тек алаң иелері гол соқты:Денис Козырев (2), Виталий Николаев және Николай Ладыгин. Есеп - 4:1, біздің пайдамызда.

Екінші матч 4:2 есебімен аяқталды (Ээту Хейккин екі рет, Матис Краль және Йохан Лоррейн). Тур қорытындысы бойынша «Бейбарыс» турнир кестесінде 4-орында тұр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

29 қаңтар 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.