Атырау, 11 мамыр 08:29
 ашықВ Атырау +20
$ 439.40
€ 473.54
₽ 4.76

БАҚ үшін ресми мәлімдеме

1 534 просмотра

«Ақ Жайық» газетінің www.azh.kz сайтында жарияланған Ж.Көжековтің «Оспановтың ісі. Әкім сотталушымен кездескенін жоққа шығармады» атты материалында Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетовтің куәлік беруіне қатысты «ол монополисттің ТМРА-мен сот дауына қатысты М.Оспановпен кездескенін жоққа шығармаған» деп баяндалған ақпараты дұрыс берілмеген.

Іс материалдарына сүйенсек, Б.С. Ізмұхамбетов сотқа 2014 жылдың 13-14 маусымы аралығында Астанада іссапарда жүрген кезінде М.Оспановпен кездескенін хабарлаған. Осы кездесу барысында Атырау облысы бойынша ТМРАД директорын орнынан босату туралы әңгіме болған.  

М. Оспанов оны орынбасар етіп қалдыруға, ал содан кейін бұрынғы лауазымына қайта алуға мүмкіндік бар екенін айтқан. Б.С. Ізмұхамбетов мұнымен келіспейтіндігін білдіріп, мұндай әрекет адами моральдік тұрғыда нұқсан келтіреді, жалпы мақұлданған әдеп нормасына сай емес деп есептеген. «Сіз неліктен лауазымынан алып тастап, содан соң қайта қоясыз? Сіз неге тірі адаммен ойнайсыз? Сіздің мұныңыз жақсы емес», - депті сөзбе-сөз Атырау облысының әкімі Б.С.Ізмұхамбетов.

Атырау облысының әкімі Б.С. Ізмұхамбетов М. Оспановпен кездесу кезінде тариф қалыптастыру немесе «АтырауЖарық» АҚ төңірегіндегі жағдайларға қатысты басқа тақырыптарды қозғамағандығын айрықша атап өтеміз.

Анағұрлым толық ақпаратты сот органдарынан ала аласыздар.

Атырау облыстық әкімдігі аппаратының баспасөз қызметі, 21 қаңтар, 2015 жыл

21 қаңтар 2015, 18:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.