Атырау, 20 мамыр 23:44
 ашықВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Азаттық даңғылындағы көгал тапталып қалған

506 просмотра

Сағаттап жауған жаңбыр қала көшелерін суға кетіріп қана қоймай, көгалдандырушылардың көп жылғы еңбегі – Азаттық даңғылындағы көгалды да бүлдірді.

Көктем басталысымен көгалдандырушылардың Азаттық даңғылында көгал егумен айналысқаны белгілі болды. Екі ай бойы «Каспийдормостострой» ЖШС («КДМС») мердігерлері жерді қазып, егіп, қалпына келтіреміз деген үмітпен еккен аумаққа қоршау жасады. Қыс пен көктемнен кейін көгалда адамдар таптаған соқпақтар пайда болды - судың көптігінен көшелердің тротуарлары әдеттегідей суға толғандықтан, қала тұрғындарының жаңа қылтиып келе жатқан шөпті таптаудан басқа амалы жоқ. Көктемгі өскін, әрине, мұндайға төтеп бере алмай, өліп қалады, сондықтан кей жерлерде тақырлар пайда болған.

КДМС жұмысты қайта жасауға тура келетінін айтады. Дегенмен, мамыр жаңбыры тағы жауса, еңбекерінің зая кетер-кетпесі белгсіз. Айтпақшы, қала орталығындағы КСРО кезінен бері жаңартылмаған, су басқан жаяу жүргіншілер жолы еңісте орналасқан, асфальты әлдеқашан жарықшақтанып, көтеріліп, кей жерлерінің арматурасы шығып жатыр. Дренаждың жоқтығы, тротуарлардың аласалығы, шалшықтан секіріп немесе көгалмен жүріп, аяқ киімін былғап, өзгенің еңбегін бүлдіріп жатқан тұрғындардың әрекеті қала билігінің басты мақсаты емес шығар.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

10 мамыр, 23:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.