Атырау, 26 сәуір 15:57
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Байтазиев прагалық «Славияны» сатып алмақшы

2 300 просмотра

АМӨЗ-дің бұрынғы басшысы, бүгінде миллиардер және мұнай магнаты мәртебесіне ие болған Талғат БАЙТАЗИЕВ Праганың «Славия» футбол клубын Synot TIP Aréna стадионымен бірге сатып алғалы жатыр деген ақпарат қазақстандық интернетте үлкен талқылауға ие болды.

Жаңалық алғаш рет чехиялық eFotbal.cz порталына шықты. Онда Байтазиевтің өкілі Майкл ГОЛЕШЧАКТЫҢ чехиялық HN газетіне берген сұхбаты жарияланыпты және «Batumi Industrial Holdings Ltd.» компаниясының бас директоры Т. Байтазиев «Славияны» 50 000 000 еуроға сатып алуға дайын екендігі туралы айтылады.

Өкінішке орай, бұрынғы жерлесімізбен «АЖ» хабарласа алмады. Алайда, бізге белгілі болғандай, Байтазиев екі ай бұрын «Batumi Industrial Holdings Ltd.» компаниясынан, жалпы ҚМГ жүйесінен кетіп, жеке бизнесті қолға алыпты.

Естеріңізге салсақ, 48 жастағы Атыраудың тумасы, Атырау мұнай және газ институтының шәкірті Талғат Байтазиев 2004 – 2012 жылдар аралығында АМӨЗ-ді (ҚМГ ұлттық компаниясының 100%-дық еншілес кәсіпорны) басқарды. Содан кейін 2012 жылдың желтоқсанында құрамына Батуми мұнай терминалы мен Батуми Теңіз порты кіретін «Batumi Industrial Holdings Ltd.» компаниясының (ҚМГ-ның 100%-дық «еншілесі» болып табылатын «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 100%-дық еншілес кәсіпорны) бас директоры болып тағайыналды.

Байтазиев АМӨЗ бас директорлығынан кеткеннен кейін оған қандайма бір қатысы бар бірнеше жанжалды жарияланымдар шыға бастады. Мәселен, 2013 жылғы қараша айында bizzone.info сайтында Батуми теңіз портының басшысы Талғат Байтазиев Қазақстанда болған мұнай жанжалының басты кейіпкерлерінің бірі ретінде аталды (http://bizzone.info/energy/2013/1384211141.php). Мақалада ҚР прокуратурасы анықтаған Petroline компаниясының заңсыз мұнай сату фактісі туралы айтылады. Сондай-ақ, Қазақстан прокуратурасының тағып отырған айыптары батумилік порттың қызметіне байланысты емес, Талғат Байтазиевтің Атыраудағы мұнай зауытын басқарып отырған кезеңіне қатысты екендігі атап өтілді.

Заңсыз мұнай сату фактілері туралы кезінде біздің газетіміз жазған еді Мұнайды эшелонмен ұрлайтын болған ба?», «Қылмыс құрамы» жарияланымдарын қараңыз)

Өткен жылдың басында бір қатар украиндық сайттар ең мықты көліктердің рейтингін жариялады және auto.bigmir.netсайты анықтағандай, эксклюзивті автопарктың иесі қазақтың мұнайшы-миллионері Талғат Байтазиевтің ұлы Михаил екен. 

Сәуле ТАСБОЛАТОВА        

14 қаңтар 2015, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.