Атырау, 27 сәуір 06:55
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атырауда мерекелік оттар жарқырай түсті

2 906 просмотра

18 желтоқсанда Исатай мен Махамбет алаңында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ қаладағы басты шыршаның шамдарын жағып, жаңа жыл алдындағы облыс орталығын безендіру жұмыстарын бастап берді.

Басты шыршадан басқа Атырауда тағы 5 шырша бой түзейді: Құрманғазы атындағы МҮ жанында, Қайырғали Смағұлов атындағы бульварда, Дина Нұрпейісова атындағы академия алдында, Балықшы мен Привокзальныйдағы алаңдарда. Сол күні кешкісін Атырау түрлі-түсті шамдармен жарқырады. Қала ішінде ертегілік жануарлардың мүсіндері жағылды, Сәтпаев даңғылындағы электронды жаңа жарнама қалқандары іске қосылды. Қала әкімінің орынбасары Амантай АЙТБАЕВТЫҢ айтуынша, қаланың мерекелік жарықпен безендірілуіне бюджеттен 40 млн теңге бөлінген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

19 желтоқсан 2014, 14:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.