Атырау, 26 сәуір 23:00
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Мейірімділік энергиясы

2 016 просмотра

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Рахмет самалы» әдеби-сазды қайырымдылық кеші өтті.

Сахнада Қалқаман САРИН, Алмас ТЕМІРБАЙ, Айжан ТӘБАРАК, Ажар ЕРБОЛҒАН, Бақытгүл БАБАШ сияқты бүгінгі таңдағы қазақтың ақындық өнерінде өз орындары бар, елімізге танымал бір топ ақын өз шығармаларын оқыды. Әсемгүл БЕКЖАН мен Ақерке БОРАН өз өлеңдерін оқығанда залда көзіне жас алмаған адам аз болған шығар. Олар дүниеге мүмкіндігі шектеулі болып келген, бірақ ерік-жігерлері мықты.

«Жүректен жүрекке» еріктілер тобының жетекшісі Әйгерім ДОСҚАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, кіру билеттерін сатудан түскен қаржы Өскеменде тұратын тоқ ішектің ауытқуына (аномалия) шалдыққан Эльмира МҰХАМЕДЬЯРОВА есімді қыздың ем-домына аударылады.

Қайырбек САНСЫЗБАЕВ 

18 желтоқсан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.